Бұл ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН көрсеңіз КҮЛКІҢІЗ КЕЛЕДІ

0
4 583

Бірақ Заңмен бекітілген.


Бұл ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН көрсеңіз КҮЛКІҢІЗ КЕЛЕДІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік жүргізушілері әдетте қарапайым стандартқа сай жол белгілерін көреді. Бірақ, әлемнің көптеген жерлерінде ерекше әрі көңіл күйді көтеретін қызықты жол белгілері бар екен. Тіпті, олардың кейбіреулері өте салмақты адамдардың өзіне күлкі сыйлай алады. Оларды біздің оқырмандар да көру үшін арнайы топтастырып отырмыз. Топтамаға енген белгілерді түрлі тақырыптарға бөлуге болады.


1. Біздің топтаманы бастап тұрған бұл белгі қандай мағына береді деп ойлайсыз? Әйелдердің ұятты жерін ұстамау керек екенін білдіре ме? Немесе басқа мағынасы бар ма? Бұл белгіні жасау кімнің басына келуі мүмкін? Әлбетте, мұндай белгіні Еуропа елдерінің жолдарынан кездестіруге болады. Өйткені, кей елдердің жүргізушілері кеудесі көз тартатын әйел қасына отырса, оған бас салып, жыныстық қатынасқа тартуға тырысады екен. Ал, мұндай жағдайдың көпшілігі жол апатымен аяқталатындықтан, осындай белгіні арнайы орнатады екен. Бейәдеп белгі болғанымен, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін керек екені түсінікті.


2. Әйелдердің кеудесіне байланысты тағы бір белгі бар. Мұндай жол белгісін кейбір елдердің жағажайға жақын жолдарынан көре аласыз. Яғни, суға шомылған қыз-келіншектерге кеудешесін тастап кетпеуді ескертеді. Әрине, бұл белгі тек ескерту емес, әзіл ретінде де әсер етуі мүмкін.



3. Қытайдың кейбір жерлерінде орнатылған бұл жол белгісін көрген туристер таңғалысын жасыра алмаған. Өйткені, бұл тақтайшада «сізді жыныстық қатынасқа құмар қытайлықтар күтеді» деген мағынадағы сөз жазылған екен. Бұл көңіл көтергісі келетін арам ойлы азиялықтардың тірлігі шығар. Немесе, туристерге ескерту ретінде де қолданылуы мүмкін.


4. Мүгедек пен қолтырауын. Бұл Оңтүстік Африкадағы мүгедектерге қолтырауынның қаупін ескертетін белгі. Бірақ, бұл маңда ешқандай өзен не көл де, қолтырауын да жоқ екен. Дегенмен, ескертудің бір мәні бар болар.


5. Кей елдерде ішімдікке құмар адамдарды да ерекше құрметтейді. Тіпті бұл маңда маскүнемдер бар екенін, оларды жолдан өтуі мүмкін екенін жүргізушілерге ескертетін арнай жол белгілерін де орнатып қойған.



6. Егер сіз Австралияға барсаңыз, онда бұл елдегі жолдардан ерекше белгілерді жиі көресіз. Олар түйе, құс немесе кенгурудың алдыңыздан байқаусызда шығып қалатынын ескертеді.


Сондай-ақ, жолда кенгуруды қағып кетсеңіз, сойып жеуге болатынын білдіретін белгілер де бар.



7. Егер Австралияда түйелер мен кенгурулар қауіп төндірсе, кейбір таулы елдерде бүркіттер туралы ескертеді. Өйткені, мұндай белгі орнатылған аймақтың бүркіттері жолдағы көліктерге шабуыл жасайды екен.


8. Азық-түлік, сыра және футбол. Мұндай жол белгісін көрсеңіз, жақын маңда тамақтанып, сыра ішіп, рахаттанып футбол ойнауға болатын орын бар деген сөз. Бірақ, ереже бойынша сыра ішкен адам доп тебуге міндетті болады.



9. Үлкен маса мен өркениетті мысық. Бірінші жол белгісі жүргізушілерге осы маңда үлкен масалардың бар екенін ескертеді.


Ал, екінші белгі жолдан өтетін мысықтарға арналған. Өйткені, кей елдер мысықтарды ерекше құрметтейді.


10. Абайлаңыз, жезөкшелер! Румыниядағы жолдардың біріне қойылған бұл белгі азаматтарға мұнда жеңіл жүрісті қыздардың бар екенін ескертеді. Бірақ, бірден теріс ойға кетпей, дұрыс жағынан түсіну керек шығар. Өйткені, қазір мұндай әйелдердің талай азаматты тақырға отырғызып кететінін жиі естиміз.


11. Ағаш түбіне дәрет сындырсаңыз, жүргізуші құқығынан айырыласыз. Иә, бұл рас. Мысалы, Германияның орманды алқаптарын кесіп өтетін жолдарда осындай белгілер бар екен. Қанша қысылып тұрсаңыз да орманға емес, дәретханаға жетуге тырысу керек. Өйткені, жол белгісін еріккеннен қоймайды ғой.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Шетел полицейлері КЕРЕМЕТ көліктермен жүреді


Жуырда ҰШАТЫН көлікке мінеміз!