"Екі сиырға ауыстырасың ба?": Шымкенттік жігіттің жарнамасы KOLESA.KZ-ті ШУЛАТЫП жатыр

0
2 526

Көптеген адамдар жарнамаға пікір білдіріп, жігіттің сөз саптау шеберлігіне тәнті болуда.


иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Нақтырақ айтсақ, BMW көлігін сатпақ болған Шымкент қаласының тұрғыны kolesa.kz сайтына берген жарнамасын әзілмен өрнектеген. Күні кеше ғана жарияланған бұл жарнаманың астына пікірлер тоқтаусыз жазылып жатыр.

«БМВ сатылады!
Түсі: черный жемчук
Объемы: 2.8
Типтроник.
Жасы 21-де
, яғни 1998 жылғы.
Ұлты
неміс-Ариец!

Кезінде, Германиядан Армениядағы ағайындарына қыдырып келгенде, иесінен қас пен көздің арасында айырылып қалып, жетім өсіп, одан Қазақстанға депортацияланған көлік.

Содан бері өз қолымда. Тағдыр дегенде қызық ау, бір замандарда Берлиннің түзу қара асфалтымен зулап жүрген көлік еді, бұл күндері Шым-қаланың тақтайдай (жонылмаған) ақ асфалтымен айырып жүр. «Жетім қозы тасбауыр», - демекші, аздап тентектеу еді, қазір жақсы.

Алғашқы кездері орманға ұлыған қасқырдай арасында батысқа қарап жәутеңдеп тұратын! Қайтсін, Отанынан айырылу оңай ма – Германиясын сағынған түрі ғой.

Содан, менде ерегескенде доконца баратыныма салып үйдің ауласына келгенде тұмсығын батыс бетке емес, шығысқа – Қошқар ата жаққа қарай бұрып қойып жүрдім.
Атаңа налеттің немісіне, менімен ерегескендердің соңғы баратын жері қайда екенін білдіріп қойғаным ғой)

Сөйтіп Германиясын ұмыттырып, нағыз қазақы көлікке айналдырдым. (Тілі жоқ әйтпесе дәл қазір руың кім десең Багыспын деп тұратын еді.) Жүрісіне әңгіме жоқ. Өкіріп алып басқанда, өкіртіп отырған өзің екенініңді сезініп мәз боласың. Нағыз еркектің көлігі.

Моторының дауысы – жуан. Өзінен басқа көліктермен жарысқанда шаңына ілестірмейтін желаяқ. Ходовка зың. Моторы тап таза. Бензин, газ қойылмаған. Далада қалдырып көрген жоқ, жолдастыққа жақсы, адал. Шынымды айтсам сатуға да қимаймын, тек ит тірліктің итшілік қардер-қажетшілігі бітпей, қаражаттың керек болып тұрғаны. Бастапқы бағасы 1 млн.600 мың деп отырмыз», - делінген жарнамада.

Cондай-ақ, бұл жазрнамаға "Екі сиырға ауыстырасың ба?", "БМВ-ның арғы атасы бір аунап тұрды ау", "Мына сөздерді оқып, машинаны ұмытып кеттік қой", "Брат, сатпаш, сатпаш деп айтпай ма?" деген пікірлер жазылып жатыр және олардың саны сағат сайын артуда.

Өз көзіңізбен көріп, көңіліңізді бір көтеріп алғыңыз келсе, мына сілтемеге өтуіңізге болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына нәрселерді істеп алсаңыз, көлік ӨТЕ ЖАЙЛЫ болады!

Күзде КӨЛІКТІҢ шанағы ШІРІМЕСІН десеңіз, МЫНАҒАН мән беріңіз