ЕҢ КӨП САТЫЛАТЫН көлік өндіруші елдер

0
3 008

2019 жылдың қаңтар айынан қыркүйекке дейін дүниежүзінде 67 миллион жаңа автокөлік сатылған.


 ЕҢ КӨП САТЫЛАТЫН көлік өндіруші елдер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біздің ғаламшарымызда 250-ден астам мемлекет болғанымен, автокөлік нарығындағы сұраныстың 90 пайызы Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Канада, Италия, Оңтүстік Корея және Ресей елдеріне тиесілі екен. Ал, осы елдердің қайсысы қай орынға тұрақтағанын тарқатып айтайық.

Өткен жылы алғаш рет әлемдік автонарықтағы сұраныс төмендеген. Сарапшылар оның себебін ірі қалалардағы көліктің көптігі және қаржының жетіспеушілігімен байланыстырады. Оған қоса, ауаның ластануынан зардап шеккен елдер элетромобиль өндіруге көп көңіл бөлуде, бірақ ол көліктердің бағасын да қарапайым халықтың қалстасы көтере алмай тұр. Одан бөлек, жас ұрпақтың автокөлікке деген қызығушылы жоғалып бара жатқаны тағы бар.

Бірінші және екінші орын

Дегенмен, 2019 жылдың тоғыз айында 12,8 миллион авткөлік сатқан Қытай және АҚШ-тың бұл тізімде алғашқы орыннан көрінуіне аталған жағдай қатты әсер ете қоймаған. Өйткені, бұл мемлекеттердегі автонарық өте бай және ел аумағы өмір сүруге өте қолайлы.


Үшінші орын

Ал, үздік үштікті 9 айда 4,1 миллион автокөлік сатып, өсімді 3%-ға жеткізген Жапония түйіндейді. Күншығыс елі жоғарыда аталған алпауыт елдермен бәсекеге түсіп, солар көрген мәселемен бетпе-бет келсе де автокөлік өндіруден тек пайда тауып жатыр. Оның үстіне бұл ел үшінші орыннан жақын арада түсе қоймайтын сияқты.


Төртінші орын

Төртінші орынға еуропалық нарықта ерекше орын алатын Германия тұрақтаған. Неміс өндірушілері қаңтар-қыркүйек айларында 2,7 миллион автокөлік сатып, өткен жылдармен салыстырғанда нарықты 3%-ға арттырған.


Бесінші орын

2019 жылы әлемдік автонарықтағы ең үздік жетістікке Үндістан қол жеткізген. Атап айтсақ, бұл ел 2,2 миллион көлік сатып, көрсеткішті 16%-ға көтерген. Сондай-ақ, сарапшылар жақын арада үндістандық брендтердің жұмысы жанданады деген пікір айтуда.


Алтыншы және жетінші орын

Алтыншы орынға 1,939 миллион көлік сатқан Ұлыбритания тұрақтаса, ізін қуып келе жатқан Бразилия 1,935 миллион көлік саудалап, өсімді 9%-ға жеткізген. Сондай-ақ, оңтүстікамерикалық ел өсім бойынша Үндістаннан кейінгі орынды иеленген.


Сегізінші және он екінші орындар аралығы

Бұл орындарға көлік нарығы кері кеткен елдер кіреді. Нақтырақ айтсақ:

Франция – 1,6 миллион көлік сатып, нарықтағы жағдай 1%-ға кеміген;

Канада – 1,5 миллион көлік сатып, нарық көрсеткіші 4%-ға кеміген;

Италия – 1,5 миллион көлік саудалап, нарық көрсеткіші 2%-ға төмендеген;

Оңтүстік Корея – 1,3 миллион көлік сатып, нарық көрсеткіші 4%-ға кеміген;

Ресей – 1,3 миллион көлік сатып, нарық деңгейі 2%-ға төмендеген.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бүгінгі күнге дейін ЕҢ КӨП сатылған автокөліктер


Көлікті ТҮНДЕ ҚАЛАЙ жүргізу керек?