Бүгінгі күнге дейін ЕҢ КӨП сатылған автокөліктер

0
2 215

Әлемдік автокөлік нарығында адамдардың жүрегін жаулап, ең көп сұранысқа ие болған сәтті шығарылымдар бар.


Бүгінгі күнге дейін ЕҢ КӨП сатылған автокөліктер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі топтамадан ең көп сатылып, өндірушілерге орасан зор табыс әкелген автокөлік үлгілері жайлы біле аласыз.


1.Toyota Corolla – 41 миллион сатылым

Ең алғашқы Toyota Corollа көлемі 1.1 литр, төрт цилиндрлі, 60 аттың күші бар, беріліс қорабы төрт сатылы қозғалтқышпен жабдықталып шыққан. Содан бері бұл үлгінің 11 үлгісі жарық көрген және әлемдегі ең көп сатылған автокөлік болып есептеледі. Ал, Toyota Corolla Е160 – бұл модельдің 2012 жылы Жапонияда өндірілген соңғы нұсқасы.


2. Ford F-Series – 35 миллион сатылым

Ford 1948 жылдың 16 қаңтарында F сериясы бойынша жеңіл, орташа және ауыр жүк көліктерінің бірнеше жобасын ұсына отырып өз тарихын бастаған, ал алғашқы сериясы F-150-ден басталған. Нәтижесінде, әр уақыттағы жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, өте көп сұранысқа ие болған. Тіпті, қазірдің өзінде бүкіл Америкадағы сатылым бойынша бірінші орынды бермей тұр.


3. Volkswagen Golf – 28 миллион сатылым

1974 жылы алғашқы Volkswagen Golf-тің дизайнын италияндық Джорджетто Джуджаро жасап шығып, автокөлікті «Гольфстрим» ағысының атауымен атаған. Бастапқыда екі үлгі бойынша құрастырылған Golf артқы әйнекті жуғыш "дворник", жылжымалы шатыр, бензобак тығыны және құйылған дискілермен жабдықталған. Содан бері бұл көліктің жеті дүркін серясы жарық көріп, 30 миллионға жуығы сатылған.


4. Volkswagen Beetle — 24 миллион сатылым

Ал бұл көліктің 80 жылдық ғұмырында үш-ақ үлгісі өндірілген. Сондай-ақ, бұл көліктің ең бірінші моделі "Фольксваген Жук" атты фильмнің басты кейіпкері болған.


5. Honda Civic – 22 миллион сатылым

Жапониялық Honda фирмасының тарихында Сivic моделі ерекше орын алады. Кішкентай хэтчбек алғаш рет 1972 жылы шығарылып, жыл өткен сайын жаңа әрі қуатты үлгілері жасалып келген. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең сенімді автокөліктердің қатарына енген.


6. Ford Escort — 20 миллион сатылым

Бұл көлік түрлік жарыстарға қатысу арқылы компанияның ең танымал және көп сатылатын үлгілерінің бірі болған. Оған қоса өте үнемді «тұлпар» 39-45 және 52-72 аттың күші бар 1.1 және 1.3 литрлі Kent қозғалтқышымен жабдықталған. Ұзақ уақыт бойы бірнеше рет жаңғыртылған Ford Escort-тың жеті үлгісі бар.


7. ВАЗ-2101-Lada) – 19 миллион сатылым

Аталған көлікті өндірушіге 1972 жылдың мамырында «Алтын Меркурий» халықаралық сыйлығы берілген.


8. Honda Accord – 18 миллион сатылым

1976 жылдың мамырында шыққан Accord-тың тарихында Honda компаниясы үшін маңызды тоғыз үлгісі өндірілген. Тіпті, 1982 жылы шыққан бұл көліктің отбасылық үлгісі АҚШ-та өндірілген алғашқы жапониялық көлік болған.


9. Ford T – 16,5 миллион сатылым

Бұл 1908-1927 жылдары шыға бастаған өте танымал, бірнеше сериялы көліктің алғашқы бағасы 850 АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ, америкалықтар үшін өте қолайлы көлік болып саналған.


10. Ford Fiesta – 16 миллион сатылым


Ford Fiesta атты шағын көлік Ford Motor компаниясының 1973 жылы жарыққа шыққан өте үнемді өнімі. Fiat 127 және Renault 5 көліктерімен қызу бәсекелес болған «темір тұлпарды» бір кездері «супермини» деп те атаған.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тежегіші істен шыққан көлікті ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА болады?


Қозғалтқыштың дауысы ҚАТТЫ шыққанда НЕ істеу керек?