Кез келген жүргізуші мына 7 нәрсені білуі керек

0
2 241

Бұлар сіздің жұмысыңызды жеңілдетеді.


Кез келген жүргізуші мына 7 нәрсені білуі керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әр адам шеберлік пен білім тоғысықанда ғана тәжірибеге айналатынын біледі. Бұл ереже көлік жүргізушілеріне де тікелей қатысты. Мысалы көптеген уақыт бойы көлік жүргізген адамдар тым болмағанда чиптердің жай-күйі мен орналасуын біледі. Бұл қарапайым тәжірибе болып көрінетін шығар, алайда соның өзі біраз жұмысты жеңілдетіп тастайды. Сондықтан назарларыңызға ұсынып отырған нәрселерді мұқият оқып, түсініп алсаңыз, өзіңізге пайдалы болмақ.


1. Жанармай багының орналасқан жерін (оң немесе сол жақ) анықтау

Бұл біраз уақыт бойы мінген көлігіңізді басқа көлікпен алмастырғанда пайда болатын кішігірім мәселе. Кейбір жүргізушілердің «Мынаның багы қай жағында еді?» деп отыратыны содан. Немесе жалға алынған көлікті пайдаланған кезде осындай шатасу жиі орын алады. Мұндай жағдайда көліктен түсіп, басқа да көліктерді күттіріп қоймас үшін отын деңгейін көрсететін шкаладағы «стрелкаға» қарай салу жеткілікті. Ол оңға немесе солға бағытталып тұрады.



2. Көпфункциялы бұрылмалы табақша

Қазіргі заманғы автомобильдердің функционалдылығы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кең. Әсіресе бұрылыс белгілерін қосу үшін жоғары, төмен бағытта қозғайтын таяқшаға бірнеше қызмет енгізіп қояды. Ал, оны білмей, бір белгінің орнына басқасын қосып жіберсеңіз, қандай да бір жағдайда жол қозғалысындағы басқа жүргізушілерді шатастыруы мүмкін.



3. Кондиционер мен салондағы жүксалғыштың синтезі

Бүгінгі таңда барлық заманауи көліктерді кондиционер мен кішігірім жүксалғыш бар. Бірақ, көптеген көліктердің осы екі жабдығы таңқаларлықтай пайдалы тандем құруға мүмкіндік беретінін білетін адамдар аз. Айталық, кондиционерден шыққан салқын ауаның жүксалғышқа кіруі үшін жүксалғыштың аузын шамалы ашып тұру жеткілікті. Нәтижесінде ішіне салқын ауа толған қалташа шағын тоңазытқышқа айналады.



4. Балаларға арналған құлып


Көбіне ата-аналар балалардың көліктің артқы орындығында ойнап отырып, есікті кездейсоқ ашып жіберуіне алаңдайды. Сондықтан тәжірибелі жүргізушілер есікке орнатылатын балаларға арналған құлыпты қолданады. Яғни бұл механизмді іске қосқаннан кейін есікті тек сыртынан ашуға болады.



5. Қауіпсіздік жастығын өшіру

Балаларды жолаушылар отыратын алдыңғы орынға мінгізген жағдайда да қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Егер көлігіңізде қауіпсіздік жастығы қызметі бар болса және алдыңғы орындыққа балаларға арналған орындықты орнататын болсаңыз, қауіпсіздік жастықшасының жұмысын өшіру керек. Ол үшін сол қызметті атқаратын тетікті пайдаланасыз.



6. Күнқағарды реттеу

Күн сәулесінен қорғайтын күнқағар көбіне алдыңғы әйнек үшін ғана қолданылады. Дегенмен, оны қапталдағы терезеден түскен күннен қорғану үшін қолдана аласыз. Ол үшін күнқағардың жартылай бекітілген жағын өзіңізге тартып алып, ар қарай қалағаныңызша реттей бересіз.



7. Автокөлік тетігіндегі жасырын кілт

Күнделікті күйбең тіршілік немесе қарапайым ұмытшақтық автомобиль тетігінің батареясын ауыстыру керектігін естен шығарып жіберуі мүмкін. Ал, қазіргі көліктердің есігін кілттен басқа әдіспен ашу өте қиын. Сондықтан бұл мәселені оңай шешу үшін қолыңыз бір босағанда есік ашатын бір кілт үстетіп, тетіктің жанына қыстырып немесе қапшығына салып қойған абзал.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Rolls-Royce компаниясы қалай дамыды? Көпшілік БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАР

Көліктің жарығын қай кезде РЕТТЕУ КЕРЕК?