Көліктің жарығын қай кезде РЕТТЕУ КЕРЕК?

0
3 485

Мұны білген өзіңізге де, өзгелерге де пайдалы.


Көліктің жарығын қай кезде РЕТТЕУ КЕРЕК?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Технологияның дамығанына қарамастан, барлық көліктің фаралары ара-тұра түзетуді қажет етеді. Мұның табиғи тұрғыда тозу, көліктің соққы алуы деген секілді бірнеше себептері бар.


"Фараларды" не үшін реттеу керек?

Фараларды реттеу, яғни автомобиль шамдарының жарығы түсетін бұрыш пен бағытын реттеу. Ол процессті көлік жөндеу орталығындағы арнайы жабдықтың көмегімен де, қарапайым әдіс-тәсілдер арқылы да жүзеге асыруға болады. Реттеу кезінде ескерілетін негізгі нәрсе – жарық сәулесінің түсу бұрышы. Аталған жұмысты істеп жатқан кезде әр көлік моделінің фары түрі, пішіні және орналасуы бойынша ерекшеленетінін ескерген дұрыс. Нақты ақпарат әдетте көлік нұсқаулығында немесе тікелей фараның пластигінде көрсетіледі.

Көлік салонында, көбіне рөлдің сол жағында фараларды қолмен реттеуге көмектесетін түзеткіш болады. Олар автокөліктің жүктемесіне байланысты ғана қолданылады (жолаушылар артқы орындықта отырғанда және жүксалғышқа ауыр зат салған кезде). Мұны жүріп бара жатып фаралардың деңгейін төмендету үшін жасаған. Бірақ, оның өзі жаңа көліктерде болмаса, жиі бұзылады.


Жалпы, фараларды реттеу керек екенін оңай байқауға болады. Мәселен, жарықтың жол белгілеріне түсіп, өзіңізге шағылысуы, жолдың дұрыс көрінбеуі немесе қарсы бағыттағы көліктердің сізге жарығын жыпылықтатуы. Осы белгілер бірнеше рет байқалса, онда фарларды реттеу керек деген сөз.



"Фараларды" қандай кезде реттеу қажет?

Фараларды тексеру және реттеу жиілігі табиғи тозуға тікелей байланысты. Кей мамандар: «Автокөлік неғұрлым үлкен болса, соғұрлым фараларын жиі түзету керек болады. Өйткені, үлкен көліктер жиі дірілдейді», — дейді. Көбіне жүргізушілер бұл процессті арнайы сервис мамандарына тапсырады. Дегенмен, кейбір жағдайларда жоспардан тыс реттеу қажет болып қалады. Атап өтсек:


Жол апатынан кейін. Жол апатынан кейін көлікті жөндеген адам оның фарларын да реттеуді ұмытпау керек. Өйткені, мұндай жағдайдан кейін жарықшамдар мен оның бекітілетін бөліктері айнып кетуі мүмкін.


Шина немесе дөңгелекті ауыстырғаннан кейін. Біріншіден, жазғы және қысқы шиналардағы ауаның қысымы әртүрлі болады. Сосын доңғалақтардың радиусы өзгеріп, көлік пен жер арасындағы арақашықтық та өзгереді.


Фара блогын ауыстырғаннан кейін. Себебі әрбір фара мен блок, жаңа немесе пайдаланылған болсын, белгілі бір автомобильге лайықталып жасалады.


Автокөлікке жүк артқанда. Егер көлікке ауыр зат артып ұзақ жолға шығатын болсаңыз және фараны автоматты реттеу жабдығы дұрыс жұмыс істемесе, фарлардың деңгейін шамалы түсіріп алу қажет. Себебі жүк артылғанда көліктің алдыңғы жағы көтеріліп, биікке түскен жарық сәулелері басқа жүргізушілерге зиянын тигізеді.


Шамдарды ауыстыру кезінде. Шамдарды ауыстыру сияқты қарапайым әрекеттің өзі фаралардың деңгейін өзгертіп жіберуі мүмкін.



Өзіңіз де жасай аласыз

Негізі бұл процессті іске асыру үшін тәжірибелі маманнан дәріс алып, практикалық сабаққа қатысқан дұрыс. Әйтпесе, оны оқып түсіне салу мүмкін емес. Дегенмен көлік фарларын өзіңіз реттеу үшін көлікті дайындау кезеңін қарастыруға болады. Сонымен фараларды тексеру оңай, бірақ бұл уақыт және кейбір арнайы құралдарды қажет етеді:

  • Плюс (+) типті бұрағыш;
  • Скотч, изолента немесе қара маркер;
  • рулетка;
  • машинаны қоятын тегіс жер;
  • қараңғы қабырға немесе гараж есігі;
  • тегіс жер мен қараңғы қабырға арасы кемінде 10 метр бос болуы керек.

Фараларды реттеу процесі екі негізгі кезеңнен тұрады, олар – автомобильді дайындау және баптау. Жұмыс қараңғы жерде, тынық ауа-райында жүзеге асырылады.


Көлікті процесске дайындау

  • Көлікті қараңғы қабырғаға немесе гараж есігіне қарама-қарсы тегіс жерге қойыңыз.
  • Доңалақтардың ауа қысымын тексеріңіз. Ол өндіруші ұсынған деңгейге сәйкес келуі керек.
  • Салоннан және жүксалғыштан артық заттарды алып тастаңыз және бензин багында кемінде жарты бак жанармай болғаны дұрыс.
  • Фараларды алдын-ала жуып, құрғатып, кір немесе шаңның болмауын қамтамасыз етіңіз.
  • Сосын фаралардың реттеу бұрандалары қайда екенін алдын-ала анықтаңыз. Автокөліктің маркасы мен моделіне байланысты ол бұрандалардың да орналасқан жері әртүрлі болады. Дегенмен қандай көлік болса да оларды табу қиын болмайды. Бірақ, кейбір көліктердің мұндай бұрандалары қолмен, енді берулерініңкі тек бұрағышпен бұралатынын ескеріңіз.
  • Ары қарай өзіңіз алған білім бойынша геометриялық есептеулер арқылы жарықшамдарды реттей аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Түркістандықтар демалысқа арналған КЕРЕМЕТ КӨЛІК жасап шығарды


Rolls-Royce компаниясы қалай дамыды? Көпшілік БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАР