Көлік кептелісінен құтылудың жолдары

0
5 999

Автотұрақтағы көліктің көбеюі және халық тығыз орналасқан жерлердегі көшелердің ескіруі қалыпты көлік кептелістерін туғызады. Бірдеңені өзгертіп, бұдан құтылуға бола ма?


Көлік кептелісінен құтылудың жолдары

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Көлік кептелісінің негізгі себептерінің бірі – жолдардың жетіспеушілігі. Жыл сайын көлік саны көбейеді, ал жолдар сол қалпында. Сол себепті, тұрғыны көп қала көшелерінде кептеліс көп болады, ал оған ұрынбау үшін түнде жүру керек болады.

Келесі себеп – жол апаты, өйткені екі автокөлік соқтығысып қалса,қозғалыс тоқтайды. Ал, көлік иелері көлікті жолдан шығарудың немесе апатты өз беттерінше шешудің орнына жол полициясы қызметкерлерінің келуін күтіп отырады.

Тағы бір мәселе – күрделі жөндеудің нашар ұйымдастырылуы. Біз бұндайды адамдар жұмыстан қайтатын уақытта жиі көреміз. Осы мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып тұр.

Бұлар кептеліс туғызатын себептердің негізгі үшеуі ғана. Әрине, қозғалысты ұйымдастыру мәселелері де бар!


Сонымен, кептелісті жеңудің жолдарына көшейік:

1-жолы:

Ірі мегаполистер мен қалаларда көп деңгейлі жол желісін салу. Мысал ретінде Жапонияны алсақ болады: төменгі деңгейде — аудандық жолдар, ортада — ауданаралық жолдар, ең жоғарыда — үлкен магистралды жолдар, осылай жасау арқылы біраз кедергіні жоюға болады. Бірақ, бұл әдіс біраз шығынды талап етеді. Дегенмен, мемлекет жол қауіпсіздігін ойлайтын болса, қаржыны бірінші кезекте осы мақсаттарға бөлу керек.


2-жолы:

Бір қызығы, көп деңгейлі жолдар қаладағы жағдайды толықтай жақсарта алмайды, сондықтан оларды тек қала шетіне салу керек. Ал, қаланың ішіндегі мәселеде жолдардың байланысын реттеу маңызды. Тек осы жағдайды шешкен кезде, әр көлік өз жолымен оңай жүреді, тым болмаса аудан аумағындағы қозғалысты жақсартады. Ол үшін жерүсті, жерасты көпірлерін салып, теміржолды қаланың сыртынан өткізу керек.


3-жолы:


Қала ішінде ірі көлік кептелісі орын алған кезде көлік иелері еріксіз жүйкесін жұқартып, біраз уақытын жоғалтады. Бұның бір себебі – қала құрылысының дұрыс болмауы. Сондықтан, құрылыс мәселесіне ұқыпты болу керек. Бірақ, ірі қалалардан біз керісінше нәтиже көріп отырмыз, яғни бизнес-орталықтар мен кеңселердің 90%-ы орталықта шоғырланған және сондағы барлық қызмткерлер жұмысқа көлікпен барады. Бұл да өз алдына жеке мәселе.


4-жолы:

ЖКО салдарын жылдам жою. Мұнда бәрі оңай. Апатқа ұрынған көлік жүргізушілері жолдың шетіне шығу керек немесе міндетті қызметкерлер жедел әрекет етіп, кептеліске жол бермеу керек. Ал, қазір бұл керісінше жүріп жатыр.


5-жолы:


Кептеліс себептерінің бірі жол жөндеу жұмыстары болып табылады, мамандар оны арнайы операция режимінде өткізуді ұсынады. Яғни, ескерту жасап, жолды жауып қойып жөндеу керек.


6-жолы:

Қоғамдық көлік қызметін дамыту. Бұл әдісті көптеген жеке көлік иелері ұнатпайтыны түсінікті. Себебі, бір де бір автобус жайлы әрі ыңғайлы жеке көлікке жетпейді. Бірақ, қоғамдық көліктер кесте бойынша қызмет етсе, көптеген жүргізушілер жолаушыларға айналатын еді. Ал мұндай жағдай кептелістің азаюына әсер етеді.


7-жолы:

Қала ішіндегі ғимараттардың астына автотұрақтар салу. Бұл да өзінің оң әсерін берері анық.


8-жолы:

Ірі қалалардағы жол қозғалысын басқарып, бақылап отыратын қуатты орталықтар құру қажет. Мұндай орталықтар кейбір қалаларда бар және табысты жұмыс істеп жатыр. Олар жол жағдайын онлайн режимінде үнемі бақылап және талдап отырады. Қажет болған жағдайда кептелісті болдырмау үшін сол жердегі бағдаршамдардың да жұмысына араласады.

Міне, Сіз оқып отырғаныңыздай, кептеліс мәселесін шешу мүмкін! Барлығы болады, тек мемлекет жаңа жолдар, тұрақтар мен жол айрықтарын салуға қаржы бөлуі керек. Сонымен қатар, кез келген жерге ойына келген ғимаратты салуға жол бермеген дұрыс!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Велосипедтен көлік жасап алған азамат әлемді тәнті етті (видео)


Көлікті дұрыс жуып жүрсіз бе? (кеңестер)