Көлікті ДҰРЫС ТЕЖЕП үйреніңіз

0
4 095

Автокөлікті дұрыс тежемеу шығынға ұшыратып, тіпті өміріңізге қауіп төндіреді.


Көлікті ДҰРЫС ТЕЖЕП үйреніңіз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көлікті тежеудің екі түрлі алгоритмі бар. Бірінші, көлікті спорттық стилмен айдайтындар күрт тежеуді қолданады. Бұл кезде көлік дөңгелектері мен тежегіш жүйесіне жүк түседі. Енді бір жүргізушілер керісінше, артық жүктемелерді ұнатпайды. Сондықтан олар тежегіш жүйесінің механизмдеріне жүк түсірмеуге тырысады және тежегіш ұзақтығын ондаған метрге дейін созады. Бұл екі алгоритмнің қайсысы дұрыс?


Жүйе қызып кетпеуі қажет

Негізі тежеу жүйесі жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болатын күрделі физикалық процесс. Біріншіден, тежеу кезінде электродтар дискіні қысып, тез қызады да температурасы жұмыс режиміне жетеді. Бұл кезде механизм максималды жүктемелерді сезінеді. Одан кейін электродтардың үйкеліс материалы қызып, тежегіш жүйесі үш секунд ішінде мүмкіндігінше тиімді әрекет етеді. Егер автомобильді тоқтату процесі аяқталмаса, температура шектен тыс артып, үйкеліс материалы біртіндеп қасиеттерін өзгерте береді. Ал, электродтар қызғасын тайғанау басталып, доңғалақ дискісі де қызады. Сондықтан, жүргізуші тежеу жүйесі мен доңғалақ дискісіне артық күш түспейтіндей режимді қолдануы қажет. Әйтпесе, қосымша ақаулар пайда болып, көлік жабдықтарын жөндеуге мәжбүр болады.


Артық күшпен тежеу

Егер жүргізуші тежегішті артық күш түсетіндей күрт басып, көліктің тепе-теңдігінен айырылып қалса, онда тежегіш механизмдерінің және бүкіл гидравликалық жүйенің ресурсы азаяды.


Мысалы, тежеу ұзаққа созылып, айналмай тұрған доңғалақ сырғанайтын болса, диск пен электродтар қатты қызады да, тежегіш жүйесінің қызметі төмендейді және өзін шұғыл салқындатуды қажет етеді. Салқындату үшін бірден тоқтап қалмай, бірнеше шақырым бойы баяу жылдамдықпен жүру керек. Әйтпесе олар деформацияланады, яғни қызмет сапасы төмендеуі ықтимал. Ал, мұндай тежегішпен жүру адам өміріне қауіпті.


Сонымен қатар, тежегіш педальін бірнеше рет басып-ажыратқанда да гидравликалық жүйе артық жүктемелерге ұшырайды. Егер автомобильдегі тежегіш жүйесі мен сұйықтық тасымалдайтын шлангалар ескірген болса, мұндай кезде трубалар жарылып, тежегіш сұйықтығы ағып кетуі мүмкін. Ал, арнайы сұйықтығы азайған тежегіш дұрыс жұмыс істемейді. Сондықтан, кез келген күрт тоқтау жағдайларынан кейін тежегіш жүйесін бір тексеріп қоған дұрыс.

Сондай-ақ, көлік нөпірі қалың көшелерде автомобильді күрт тежеуге тыйым салынады. Өйткені, жүргізуші қозғалыстағы басқа да жүргізушілерге кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл сіздің де, басқалардың да қауіпсіздігі үшін маңызды.


Жалпы, көлікті артық жүктемесіз тежеп, механизмдерді қызып кетуден сақтау қажет.



Бірқалыпты және ұзақ тежеу

Кейде тежегіш педальін жай басып, тежеу жолын ұзартқан да тиімсіз болады. Әрине, бұл әдіс гидравликалық жүйеге түсетін жүкті азайтып, механизмнің қызбауын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл электродтардың қызып кетуіне және тозуына соқтырады. Яғни сіз педальді ұзақ уақыт бойы ұстап тұрсаңыз, (мысалы, таудан түскен кезде) дискілер қызып, электродтардың үйкеліс қабаты пайда болады. Соның нәтижесінде тоқтау қажет болған жағдайда тежегіш өз қызметін дұрыс атқара алмай қалуы мүмкін.


Алдын ала баяулау

Егер автомобильдің беріліс қорабы механикалық болса, дұрыс тежеуге берілістің төменгі сатысын қосу арқылы қол жеткізесіз. Яғни, мұндай жағдайда ішкі қарсылық артып, бұл доңғалақтардың баяулауын қамтамасыз етеді. Ал, автоматты беріліс болса, онда сіз спорттық режимді қосу немесе берілісті қолмен басқаратын режимге өту арқылы тежеуді дұрыстай аласыз.

Егер жол жағдайы белсенді тежеуді қажет ететін болса, мұны алдын-ала жасау керек. Сонымен қатар, тежеу кезінде теңдікті сақтай алатын және көлікті тез тоқтата алатын жылдамдықпен жүруді есептеңіз.


Сондай-ақ, көлікті жедел тоқтату үшін тежегіш педальін қатты басып, бір-екі секундтан кейін қызып кетпес үшін педальға түсетін қысымды азайтыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет қайталау арқылы жылдам тоқтауға әрі тежегішті тиімді қолдануға болады. Себебі, мұндай жағдайда электродтар ең тиімді температура режимінде болады және қайта тежеу көлікті мүмкіндігінше жедел баяулатады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АВТОБӨЛШЕК: Жаңа жабдық дұрыс па, ҰСТАЛҒАНЫ ТИІМДІ МЕ?


Көлікті сүйреудің ережелерін БІЛЕСІЗ БЕ?