Көліктің орындығын жылытатын жабдық ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА шалдықтырады

0
4 599

Дәрігерлер жылы орында ұзақ отырудың салдарын айтты.


Көліктің орындығын жылытатын жабдық ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА шалдықтырады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Заманауи көліктердің көпшілігінде орындықты жылыту жүйесі бар. Бұл жобаны өндірушілер тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жасап шыққан. Нәтижесінде, бұл жоба өз мақсатына жетіп, көптеген сұраныс алып келді. Сондықтан, бұл жүйе талқылап айтуға тұрарлық. Оның құрылымы, түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы біле жүріңіз.



Орындық жылыту жүйесі

Бүгінгі таңда бұл жүйе кеңінен таралып, жаңа көліктердің негізгі бөлігі ретінде орнатылып жатыр. Мұндай құрылғылар сенімді әрі қауіпсіз. Бірақ бағасы қымбаттау болады. Сонымен қатар, мұндай жабдықты орнату үшін орындықты толығымен бөлшектеу керек. Олардың массаж жасау секілді арнайы функциялары да болуы мүмкін. Құрылғыны басқару үшін түймелер қолданылады. Ал, оның өздігінен қосылып, өшуі үшін термостатқа қосылады.


Жылытқыштар жасалуына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Сымдар арқылы жасалған. Қапталған сым секілді жылытқыштар орындыққа спиральды түррде орналастырылады. Олар өте жұқа болатындықтан бірден байқау да мүмкін болмайды. Сым электр энергиясын пайдалануды қауіпсіз ететін тефлон қабатымен оқшауланады. Бірақ, тефлон жылу беру деңгейін біршама төмендетаді екен. Мұндай жабдықтардың бағасы арзан болғанымен тез бұзылады.

2. Көміртекті талшыққа негізделген құрылғылар. Мұндай көміртекті жіптен жасалған пластикалық қабат өте тез қызады және жоғары сапалы жылу бөлетіндігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, ұзақ уақыт қызмет етеді, тозуға және жүктемелерге өте төзімді болады. Бірақ, бірінші түріне қарағанда бағасы қымбат.



Құрылғының артықшылықтары

Орындық жылыту құрылғылары суық ауарайында жүргізушіге жайлы жағдай жасауға көмектеседі. Суық орындыққа отырған кімге ұнайды дейсіз? Оның үстіне суық денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін ғой.

Терапиялық әсер – тағы бір артықшылық. Жылы орынға отыру әсіресе радикулит, артрит, омыртқалы тіндердің өзгеруі және басқа да аурулармен ауыратын адамдарға, сонымен қатар қарттар үшін өте пайдалы екен. Ал, үнемі суық орынға отыратындар цистит, қуық ауруы және тұмау секілді ауруларға шалдығып жатады.


Бұл жүйенің кемшіліктері де бар

Ұзақ уақыт бойы жылы орындықта отыру тез шаршауға және ағзадағы температура тепе-теңдігінің бұзылуына, қабыну процестерінің нашарлауына соқтыруы мүмкін. Кейбір жүргізушілер жылытқыштарды ұзақ қолданса бас ауыратынын да айтады. Дегенмен, мұндай жағымсыз жағдайлар 6 сағаттан артық көлік айдап, жылытқышты жиі қолданған жүргізушілерде ғана болады. Ал, дәрігерлер жылытылатын орындықта ұзақ уақыт отыратындардың организміндегі репродуктивті функцияның бұзылу мүмкін екенін айтқан. Әйтсе де, құрылғыны қолдану ережелерін толық сақтап жүрген жүргізуші ешқандай зардабын көрмейді.



Пайдалану ережелері мынадай

• Адам ағзасы үшін суық та, қызып кету де қауіпті болғандықтан, температураның орта деңгейде болуы өте маңызды. Бұл әсіресе көп уақыт автокөлік тізгінінде өткізетін кәсіби жүргізушілерге қатысты. Сонымен қатар, құрылғыны дұрыс пайдалану оның қызмет ету мерзімін ұзартады.

• Негізі жылытқышты ұзақ уақыт қосып қоюға болмайды. Отыратын орынды 10-15 минут қыздырып алғасын өшіріп тастау керек. Одан бөлек, синтетикалық және тығыз киіммен отыруға болмайды

• Жылытқыштарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сымдарды зақымданудан мүмкіндігінше қорғап, зақымданса бірден жөндеп қою керек. Сосын, жылытқыш орнатылған орындықтарды тек құрғақ сүлгімен тазалау қажет.


Егер барлық пайдалану ережелерін сақтайтын болсаңыз, жылытқыштар зиян тигізбей, тек қана жайлылық сыйлайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АВТОМАТ немесе ВАРИАТОР – қайсысы дұрыс? Маман КЕҢЕС береді


Tesla-ны құрған ИЛОН МАСК ЕМЕС. Bentley жасауға 18 сиырдың терісі керек