Орындыққа арналған "чехолды" қолдан тігіп алуға болады

0
6 072

Көк инені көлденең ұстай алатын жан болса, оларға бұл те қиын шаруа емес.


Орындыққа арналған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік салонына қараған кезде бірден көзге түсетін – орындықтар. Ол жүргізушілер мен жолаушылар үшін ең жайлы болуы тиіс. Егер көліктің орындықтары былғарыдан болса, онда қысы-жазы қаптаулы болмаса, ыңғайсыздық тудырады. Оның үстіне қандай материалдан тігілгені болмасын, орындықтарды қаптап қоймаса, тез былғанып, ескіріп те кетуі мүмкін.

Орындықтарды қанша жерден ең қымбат «чехолдармен» қаптап қойғанмен, уақыт өте келе ескіріп, тоза бастайды. Ол мәселені шешу үшін автодүкеннен жылына бірнеше рет орындыққа арналған қапшықтар сатып алуға тура келеді.

Ал оны қолдан тігіп алу - үнемді әрі оңай. Сіз де қолдан тігіп алғыңыз кесе, төмендегі кеңеске қарап байқап көріңіз. Көк инені көлденең ұстай алатын жан болса, оларға бұл те қиын шаруа емес.


Қандай материал қажет?

Орындық қаптарын тігудің бір ерекшелігі – кез келген материалдың қолданылуы. Яғни, кез келген мата дүкендерінен өзіңізге ұнайтын түстегі материалды таңдауға болады.

Орындық қаптарын дайындауға жиі қолданылатын маталар:

• велюр;

• гобелен;

• мақтадан жасалған;

• неопрен;

• плюш;

• теріден жасалған (табиғи немесе жасанды);

• түрлі синтетикалық маталар және т.б.


Материалды алғаннан кейін, желім сатып алу керек. Оны таңдаған кезде пайдаланылатын матаның сапасына мән берген дұрыс. Ал, әмбебап желім ретінде көп адам «Момент клейді» қолданады. Ол матаның біраз түрімен үйлесе береді екен.


Сіз көлік орындықтарын зақымданудан қорғайтын әмбебап қаптарды қолдан жасай аласыз. Жұмыс барысы қарапайым, бірақ ұқыптылықты талап етеді. Оны шартты түрде дайындық және тігу деп екі кезеңге бөлуге болады.


Қандай құралдар қажет?

Жұмысқа кірісер алдында мына құралдар болуы керек:

• қайшы;

• арнайы желім;

• тігін машинасы;

• рулетка;

• сызғыш;

• тігуге арналған материал;

• үтік;

• фен;

• орындықтар мен ескі қаптарды босатып алуға арналған кілттер мен бұрауыштар жиынтығы.

Пайдаланылатын материалға байланысты құралдар тізімі өзгеруі мүмкін!


Үлгіге мұқият назар аударыңыз

Үлгі құру үшін кез келген «пленканы» орындыққа қойып тұрып немесе ескі қаптарды жаңа материалмен беттестіре отырып, қаламмен өлшемін түсіріп алу керек. Сосын, тігіс үшін 1,5-2 см қосып, материалдан қажетті бөліктерді кесіп алыңыз.

Қалай тігіледі?

• Барлық бөліктерді қосып, иненің көмегімен тігеміз;

• Тігілген қапты орындықтарға кигіземіз. Кемшіліктер болса, қолмен тігілген жұмыс оңай түзетіледі;

• Барлық кемшіліктері түзетілгеннен кейін, тігін машинкасымен тігуге болады;

• Қолдан жасалған «чехолды» орындыққа бекітетін ілмектер мен жіптерді ұмытпаңыз;

• Ерекше тігістер, ою-өрнек, суреттер немесе басқа да сәндік элементтерді қолдану арқылы қаптарға көрік беруге болады.

Осының бәрін дұрыс әрі ұқыптылықпен орындап болсаңыз, қаптар дайын! Сіз жасаған «чехолдардың» сапасы ептілігіңізге байланысты.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлігіңізде САЛҚЫНДАТҚЫШ істен шықты ма? ЖӨНДЕП АЛУҒА болады

Көліктің жаздық дөңгелегі ТОЗЫП КЕТПЕСІН десеңіз, МЫНАҒАН мән беріңіз