Көлікте жаз бойы салқын болуы етуі үшін не істеу керек?
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Күз-қыс айларында көлікте жылыту пеші болса, жанның рахаты. Сонымен қатар, көктем келгеннен кейін, әсіресе жаздағы ыстықта суық маусымда ұмытылып кеткен кондиционерді қосатын батырманы іздей бастайды. Дегенмен, кондиционер де құрылғы, оны да тексеріп, тазалап, дайындау керек. Ал, дайындықты төмендегідей бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Салқындатуға жарап тұр ма?
Алдымен кондиционерді қосып, салонға салқын ауа беретіндігіне көз жеткізіңіз. Әсіресе ескілеу көліктердегі салқындатқыштың жұмысы мен қуаттау дәрежесін тексеру қажет.
Дұрыс жұмыс істеп тұрған кондиционерді қосқаннан кейін, көп ұзамай түтіктері мұздай бастайды, оны қолмен ұстап сезуге болады. Ал түтіктің мұздамағанын сезсеңіз, кондиционердің жұмысын тексерту үшін арнайы қызмет көрсету бойынша маманға бару керек.
Кондиционер жұмысының нашарлауының тағы бір себебі – радиатор торынан бөлек орналасатын істен шыққан конденсатор болуы мүмкін. Себебі, оның артқы жағында суыту жүйесінің радиаторы орналасады. Сонымен қатар, аталған жүйенің жылу алмастырғышына кір толып қалып, дұрыс қызмет атқармауы мүмкін. Мұндай жағдайларда да кондиционер жөндеумен айналысатын орталықтар көмектесе алады.
Кондиционерді де тазалап тұру керек
Кондиционердің жұмыс қабілеттілігін тексеру - істің жартысы ғана. Кондиционерден келетін салқын ауада саңырауқұлақтардың бөтен иісі, бактериялар болмауы керек. Оны болдырмаудың ең қарапайым әдісі – кондиционер тазартуға арналған аэрозольді пайдалану. Ол жүйенің ішін тазалауға, тіпті кондиционердің буландырғышына дейін созылуға мүмкіндік беретін түтікпен жабдықталған. Сонымен қатар, барлық есіктерді ашып, жүйенің максималды желдету жылдамдығын қосу арқылы үрлеуге болады немесе жуып беретін орталыққа барыңыз.
Сондай-ақ, мамандар әрбір жүрілген 5 мың шақырым сайын салон сүзгісін ауыстырып отыруды ұсынады. Онда тіпті, жуып та кетіре алмайтын шаң мен кір, ауру тудыратын бактериялар болады екен.
"Терезесі" қоқысқа толып қалған жоқ па?
Ол алдыңғы әйнектің астында, әйнек тазалағыштар бекітілетін жерден сәл төмен орналасқан. Мысалы, Сіздің көлігіңіз ағаштың астында тұрса, онда көп ұзамай бұл ауа жолына жапырақ толып қалады. Сондықтан бұл құбырды мезгіл-мезгіл тазалап, хлоргексидинмен залалсыздандырып отыру қажет.
Сонымен қатар, кондиционердегі майдың дәрежесін бақылап отыру маңызды. Себебі, қажетті сұйықтық жетіспей қалған кондиционер біршама уақыттан кейін бұзылып, шығынға ұшыратуы әбден мүмкін.
Автомобиль кондиционерін дұрыс пайдалану жөніндегі қарапайым кеңестер
• Көлік күн астында ұзақ тұрса, бірнеше минут бойы барлық терезелерді ашып, ыстық ауаны толықтай салоннан шығару үшін кондиционерді ең жоғарғы дәрежеге қосыңыз.
• Салондағы ауа температурасын тез төмендету үшін максималды салқындату түймесін пайдаланыңыз.
• Салондағы ауа қатты суық болса, кондиционерді өшіріп, кейін қайта қосудың қажеті жоқ. Оның орнына ауа температурасын және желдеткіштің жұмыс жылдамдығын реттеген дұрыс.
• Алдында отырған жолаушылар жаурап отыр, ал артқы салонда әлі де ыстық. Не істеу керек? Алдыңғы панельдегі желдету торларын жабуға болмайды. Оның орнына, оларды төбеге немесе бүйірге қарай бұрып, суық ауаны салонның артына бағыттаңыз.
• Көшедегі ауа райы қолайлы болып тұрса, кондиционерді өшіруге және қозғалыс кезінде терезелерді ашуға болады.
• Автокөлікті көлеңкеге қоюға немесе арнайы жылу шағылыстырғыш құрылғыларды пайдалануға тырысыңыз. Бұл тұрақтағы көлік салонының қызуын айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
• Көлікте люк немесе панорамалық шатыр болса, тұраққа қойғанда салонның қызып кетуін болдырмау үшін күннен қорғайтын панельдерді жабуды ұмытпаңыз.
• Сіздің көлігіңіз қашықтан іске қосу жүйесімен жабдықталған болса, әрқашан автоматты режимде кондиционерлеу жүйесін қосып қойыңыз. Сонда, автокөлігіңізге кіргенде, салондағы температура жайлы болады.
• Әрқашан өндірушілер ұсынған уақытта салондық ауа сүзгісін ауыстырып отырыңыз.
• Салқындату жүйесі сыр бере бастаса, бірден техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
2019 жылы қандай суперкөліктер шығатынын білесіз бе?