Путинге тиесілі брондалған лимузин сатылады

0
1 781

Лимузиннің бағасы 8,5 миллион рубльды құрайды. Лимузин «MMG 90 жаста» көрмесінде президенттің стендінде көрсетілген. Бірақ, қазір жеке коллекция ретінде сақталып тұр.


Путинге тиесілі брондалған лимузин сатылады

Ресейдің автосайттарының бірінде Арнайы мақсаттағы гаражға (MMG) тиесілі «Mercedes-Benz S600 Pullman Guard» (W220) брондалған лимузинін сатуға қойлығаны жайлы жарнама пайда болды.

Көлік Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді алып жүру үшін арнайы тапсырма бойынша құрастырылған.

Лимузиннің бағасы 8,5 миллион рубльды құрайды. Лимузин «MMG 90 жаста» көрмесінде президенттің стендінде көрсетілген. Бірақ, қазір жеке коллекция ретінде сақталып тұр.

Автокөлік 5,8 литрлік дивигителмен жабдықталып, 367 ат күшіне ие. Ол сағатына 6,3 секундта 100 шақырым жылдамдыққа шыға алады. Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 250 шақырымды құрайды.