Rolls-Royce компаниясы қалай дамыды? Көпшілік БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАР

0
3 416

Бұл компанияның құрылтайшлыары секілді адамдар қазір жоқ.


Rolls-Royce компаниясы қалай дамыды? Көпшілік БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлем жұрты білетін осынау брендтің автомобильдері еске түссе, біздің көз алдымызға байлығы тасып жатқан, аяғына нық тұрған, табысы мол компания келеді. Бұлай ойлауымыздың да жөні бар. Өйткені, Rolls-Royce автомобильдері ең сәнді класқа жатады және бұл машиналардың құны өте жоғары. Бір сөзбен айтқанда жағдайы жақсы адамдарға арналған.


Алайда, тарих беттері бұл компанияның бір кездері жабылу алдында тұрған сын сағаттарды бастан өткергенін айтады. Мұндай оқиға тіпті бірнеше рет орын алған. Дегенмен, бұл компанияның басшылығында кез-келген проблемадан шығудың жолын таба алатын, жұмысшылардың жағдайын жасай алатын адамдар да болған. Солардың арқасында компания аман қалған.



Rolls-Royce компаниясын кім құрды

Қазір мұндай атақты брендтің негізін қалаушылар кездеспейтін шығар. Бұлай деуімізге нақты себеп те бар. Тарқатып айтсақ, өзін-өзі оқытатын инженер Фредерик Генри Ройс пен әуесқой инженер, ақсүйек Чарльз Стюарт Роллс "Midlend" қонақ үйінің мейрамханасында отырып, бүгінде теңдессіз маркаға айналған автомобильді бірлесіп өндіру туралы келісім жасасқан.

Сөйтіп, екеуі де өздерінің қиялындағы көліктерін жасау идеясын ойластырып, жобаларын жетілдіреді. Сондай-ақ, Роллс инженер Ройстың бір-екі кемшілігін түзеп, болашақ серіктесінің жұмысына оң әсерін тигізеді де, келісім жасасады.

Содан, 1904 жылдан бастап екі азамат құрған компанияның автомобильдерінде "Rolls-Royce" деген жазулар пайда бола бастады. Автокөліктерге тапсырыс берушінің өтініші бойынша әртүрлі қозғалтқыштар мен құрылғылар орнатылады. Деректерге сүйенсек, 1904-1907 жылдар аралығында компания өз маркасымен жүз автомобиль шығарған.



Тұңғыш Rolls-Royce

Тұңғыш Rolls-Royce көлігінің таныстырылымы 1906 жылы Халықаралық автомобиль көрмесінде болды. Содан кейін алғаш рет әлемге Rolls-Royce компаниясының эксклюзивті көлігі ұсынылды. Ол көліктің ерекшелігі –барлық бұрандаларды осы компания жасаған. Сонымен қатар, көлік бойлық және көлденең амортизаторлармен жабдықталып, олар автомобильдің жүрісіне бұрын-соңды болмаған жұмсақтық сыйлады. Ал, көліктің «жүрегі» алты цилиндрге арналған жеті литрлік қозғалтқыш болды.


Табысқа жету жолы

Деректерге сәйкес, жоғарыда айтқан эксклюзивті көліктің он екі данасы шығарылған. Бірақ, он үшінші көліктің шығуы ерекше болыпты. Дәлірек айтсақ, Barker атты студияның дизайнерлері автомобиль корпусын және барлық бөлшектерін күміс сияқты етіп жасайды. Нәтижесінде, бұл модель кейінірек күміс Ghost («күміс елес») деп аталды. Және бұл атау бүгінгі күнге дейін жалғасып келді.

Кейінірек, 1910 жылы Чарльз Стюарт Роллс аэробатика орындау кезінде апатқа ұшырайды. Алайда, бұл Ройсқа кедергі келтірмей, ол жұмысты құлшыныспен жалғастыра береді. Қажырлы еңбектерінің арқасында аталған модель ең сәнді әрі қымбат үлгі ретінде әлі де өз құнын жоймай келе жатыр.

Бүгінгі таңда компанияны сатып алғысы келетін үміткерлер өте көп. Мәселен, олардың қатарында BMW,Volkswagen, Daimler-Benz және компанияны ұлттық қазына ретінде сақтап қалғысы келетін Rag бастамашыл азаматтар тобы бар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Автомобиль атауларында ҚАНДАЙ МАҒЫНА жатыр?


Түркістандықтар демалысқа арналған КЕРЕМЕТ КӨЛІК жасап шығарды