Автомобиль атауларында ҚАНДАЙ МАҒЫНА жатыр?

0
3 574

Сіз бұл ақпараттардан хабарсыз болуыңыз мүмкін.


Автомобиль атауларында ҚАНДАЙ МАҒЫНА жатыр?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз қолданатын барлық көлік құралдарының маркасы бар. Олардың біразының атауы қалай пайда болғанын да білеміз. Дегенмен, көпшілік мән-мағынасын ести бермейтін маркалар да бар. Бүгінгі әңгіме осы тақырып аясында өрбімек.


1. Alfa Romeo

Бұл брендті көп ести бермейміз. Дегенмен, итальяндық компанияның атауы қысқартылған сөздерден тұрады. Бастапқыда миландық брендтің толық атауы ALFA-Anonima Lombarda Fabbrica Automobili деп аталған. Яғни Ломбардиядан шыққан акционерлік қоғам. Ал, қысқарған атаудың екінші бөлігі кейінірек пайда болған. Дәлірек айтсақ, "Альфаны" дағдарыстан құтқарған инвестор Никола Ромеоның құрметіне қойылған.


2. Брабус

Неміс бренді атауының экзотикалық фаунаға қатысы жоқ. Бұл атау брендтің негізін қалаған Brackmann және Buschmann деген адам есімдерінің алғашқы буындарын қосу нәтижесінде пайда болған. Негізі осы екеуінің арасындағы басты тұлға— Бодо Бушман болған екен. Бірақ, ол өзін серіктесінен артық көрмей, BusBra деген атаудың қойылуына қарсы болған деседі.


3. Кадиллак

Бұл атау көлік компаниясына қатысы бар белгілі бір адамның есімі не тегіне арналмаған. Яғни, Кадиллак – компанияның негізін қалаушы емес, бас дизайнер де, тіпті бас қаржыгер де емес. Бұл атау 1902 жылы Детройт қаласын — американдық автомобиль индустриясының астанасы етіп құрған адамның құрметіне қойылған. Шын мәнінде бір қаланы дамытқан Антуан де ла Мот Кадиллак француз болған. Сондықтан оның фамилиясын французша "Кадияк" деп айту керек. Бірақ марканың қазіргі атауы жақсырақ естілетін сияқты.


4. DATSUN

Жапондық "Datsun" бренді де толық атаудың жартысы. Нақтырақ айтсақ, «DAT» қысқартылған сөзі компанияның негізін қалаған адамдардың есімдерінің алғашқы әріптерінен құралған.


5. KIA

Ал, әлем жұртшылығына танымал мына брендтің атауында мүлдем адамдарға қатысты дерек жоқ. Шын мәнінде KIA "Шығыстан келген жақсы нәрсе" деген фразеологизмнен пайда болған.


6. Трабант

Шерлок Холмс айтқандай, неміс тілі дөрекі, бірақ әлі де Еуропадағы ең мәнерлі тілдердің бірі. Мәселен, "Трабант" деген атау құлаққа жағымсыз естіледі. Ал, бұл көліктің бұлай аталуын 1957 жылы 7 қарашада ғарышқа ұшқан Траби ғарыш кемесімен байланыстырады. Себебі бұл көлік ғаршы кемесі ашық кеңістікке ұшқаннан кейін шығарылған.


7. Volvo

Бұл атау да компания құрылтайшыларына байланысты қойылмаған. Латын тілінде Volvo (дәлірек айтсақ, volvere) "мен тербеймін" дегенді білдіреді екен. Швед автомобиль фирмасының негізін қалаушылар 1911 жылы осы сауда маркасын патенттеп, 16 жылдан кейін бұл марка танымалдылыққа ие бола бастаған.


8. Volkswagen

Барлығы дерлік бұл атаудың аудармасы – "халық көлігі" екенін біледі. Бірақ, ол неге халықтық көлік болды? Өйткені, Вольфсбургтен автомобиль зауытын салу және алғашқы модель — әйгілі "қоңызды" әзірлеу үшін қарапайым неміс азаматтары қаржы жинаған.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлікті ДҰРЫС ТЕЖЕП үйреніңіз


Әлемдегі ЕҢ ҮЛКЕН көліктермен таныс болыңыз