ТІРКЕЛМЕГЕН ресейлік көліктерді «СОЙЫП САТУҒА» тура келе ме?

0
3 647

Қазақстанда тіркелмеген ресейлік көліктердің тағдыры қандай болады?


ТІРКЕЛМЕГЕН ресейлік көліктерді «СОЙЫП САТУҒА» тура келе ме?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір елімізде ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты мәселе ушығып тұр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларының мұндай көліктерді ұстап, құжаты заңсыздарын айып тұрағына қойып жатқанын оқып, біліп жатырмыз. Құзырлы органдар елдегі тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз ету үшін тер төгіп жатса, тұрғындар қазақстандық нөмір тағылған көліктердің құны қымбат екенін алға тартады. Біз де бұл мәселеге атүсті қарамай, торқталып өткенді жөн көрдік.


Мәселенің мән-жайы

Құзырлы мекеме қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанда ресейлік нөмір тағып жүрген 80 мыңнан астам көлік бар екен. Нақтырақ айтсақ, бұлар ресейдің есебінен шығарылғанымен, біздің елімізде ешқандай тіркеуге алынбаған. Көпшілігін көрші елдегі иелері сенімха арқылы саудалаған. Бірақ, бұл көліктер Қазақстанның ресми базасына тіркелмегендіктен, ереже бұзса полицейлер шара қолдана алмай, көшелерімізде жүйткіп жүреді екен. Ал, құзырлы қызметкерлер «ауада тұрған көліктер үшін жүргізушілер салық төлеп жатқан жоқ» деген пікір білдіріп отыр. Сондықтан да жол полициясы тексерісті күшейтіп, ресейлік нөмір таққан, бірақ салық төлемей, құжаты заңсыз болып жүрген автокөліктерді айып тұрағына қойып жатыр. Айып тұрағына қойылған мұндай көліктер иесіне тиісті салықтарын төлеп, ресми тіркеуден өткеннен кейін ғана қайтарылады екен.


Ата Заң шешімі қандай?

Негізінде, ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңында көзделген міндеттерге сәйкес, шетелден әкелінген әрбір көлік ҚР-ның ресми базасына тіркелуі қажет.Ал, елімізде бұл талапқа бағынбай жүрген 80 мыңнан астам көліктің бар екенін жоғарыда айттық. Дегенмен, ел полицейлері олардың біразын айып тұрғаына қойғанымен, тұрғындардың өқтініші бойынша тұрақтан шығарып жатқан көрінеді. Алайда, заңсыз жүрген көліктер айып тұрағынан шыққаннан бастап он күн ішінде жергілікті өкілетті органға тіркелмесе, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады екен. Ал, тіркеткісі келмесе, «сойып сатуға», яғни, бөлшектеп сатуға тура келіп отыр.


Ресей көліктеріне сары нөмір беріле ме?

Сондай-ақ, ел ішінде «Ресей көліктеріне сары нөмір беріле ме?» деген сұрақ та жиі қойылып жүр. Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Түркістан облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмас Тастанбековке хабарласқан едік. Оның айтуынша, мұндай көліктерге арнайы нөмір берілмейді. Себебі, бұлар Ресейде тіркелген және сол елдің азаматтарына тиесілі. Ал, Армениядан әкелінген көліктерге сары нөмір берілуінің себебі – ол жақтан сатып алынған көліктерді қазақстандық азаматтар өз атына тіркеген.



Жүргізушілердің көңілі неге толмайды?

Кез келген мәселенің екі ұшы болатыны белгілі ғой. Осыны ескере келе, жүргізушілердің де пікірін тыңдауды жөн көрдік. Ресейлік көлік мінген отандастарымыздың көңілі неге толмай отыр? Бір айта кетерлігі – біз үшін ресейлік нөмір таққан көлік иелерін табу қиын болған жоқ. Қай жерге барсаңыз да осындай көліктің кемінде екі-үшеуін көресіз.


Бірнеше жылдық тәжірибесі бар Жарасқан Жомартұлының есімді жүргізушінің айтуынша, мәселенің барлығы көлік бағасы мен сапасына келіп тіреледі.


«Біздің елімізде көлік құрастыру саласы дамып жатыр дейміз. Жарнамасын өлтіріп жасайды. Бірақ олардың сапасы сын көтермесе, бағасын қалтамыз көтермейді. Қазір кімнің ақшасы қалтасына сыймай жатыр дейсіз. Отандық автокөліктердің бағасы сапасына сай емес. Сапасы нашарлау болса да алар едік ау, бірақ баға да тым қымбат қой. Сосын амал жоқ Ресейден сатып алдық. Рас, салық, айыппұл төлемей тайраңдап жүрген жүргізушілер де бар. Бірақ, бұл шараны бәріне бірдей қолданған дұрыс емес деп ойлаймын. Біраз уақыт бұрын армениялық көліктерге қатысты да осындай мәселе болып, кейіннен шешілді ғой. Бұл проблеманы да ертерек оңынан шешсе дұрыс болар еді», - дейді ол.


Жалпы, түптеп келгенде құзырлы орган қызметкерлері де, жүргізушілер де, басқалары да бір елдің азаматтары ғой. Сондықтан, жоғарғы билік «өзіг өлмейтін, арба сынбайтын» шешім шығарады деп үміттенеміз. Қазақстанда заң ортақ және әр азаматтың дәрежесі де, құқығы да заң алдында бірдей.


Дайындаған. Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Рөлі оң жақтағы көліктің КЕМШІЛІКТЕРІН білесіз бе?


Ауа сүзгісін ҚАНША УАҚЫТТА ауыстырып тұру қажет?