ТҰЗ, КІР САБЫН, АСПИРИН көлікке АУАДАЙ қажет

0
2 382

Өткен ғасырдың адамдары да тапқыр болған.


ТҰЗ, КІР САБЫН, АСПИРИН көлікке АУАДАЙ қажет

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тарихқа оралсақ, Кеңес заманы адамзат үшін жаңалықтарға толы болды. Оның ішіндегі ерекше жаңалық – автокөлк өндірісінің дамуы. Сондай-ақ, ол кездегі жүргізушілер де қарапайым, бірақ өте пайдалы жаңалықтар ашып отырған. Яғни, бүгінгінің лайфхагы. Дегенмен ол кездегі тапқыр ойлар ерекше болған. Мысалы, жүргізушілердің көпшілігі көлігіне үнемі тұз, кір сабын және аспирин салып жүрген. Ал бұл заттар автомобильді жұмыс жағдайында ұстап, кейде оны қалыпқа келтіруге көмектескен.


1. Тұз – әйнектің булануына қарсы күрес

Жиырмасыншы ғасырдағы жүргізушілердің басым бөлігі көлік ішіндегі шағын жүксалғышқа (бардачок) тұз толтырылған қапшық салып жүрген. Тиісінше ол тұз салондағы ылғалдылықпен күрес құралы ретінде пайдаланылған.

Сондай-ақ, алдыңғы әйнек буланып кетпеу үшін тұз қапшығын төменгі жағына қоятын болған. Одан бөлек, кейде мұндай қапшықпен әйнекті сүртетін болған.


2. Кір сабын жанармай багы тесілгенде көмектеседі

Адамдар бір затты бірнеше жерге пайдаланатынын бәріміз білеміз. Соның бірі кір сабын. Мысалы, оны жуынумен қатар, жүргізушілер ұзақ жолда пайдаланған.

Кейбір қотыр жолдағы ойықтар көліктің доңғалағына ғана емес, жанармай багына да зиянын тигізеді. Яғни қатты жерге тиген бак тесілуі мүмкін. Мұндай кезде ертректегі жүргізушілер кір сабынмен бекітіп, жөндейтін орынға дейін майды ағызбай илилаған. Сондықтан кір сабын әрдайым көлік жүксалғышында болған.


3. Аспирин аккумуляторды "емдейді"

Тәжірибелі жүргізушілер әрқашан өздерімен бірге аспирин қорапшасын алып жүреді және оны дәрі ретінде адамдарға үшін ғана емес, автомобиль үшін де пайдаланады.

Нақтырақ айтсақ, медициналық препараттың екі таблеткасы ыдыраған қорғасын-қышқылды аккумуляторды іске қосуға көмектеседі. Себебі, аспирин химиялық реакцияны іске қосып, күші біткен аккумулятордың біраз уақыт жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жаздық шина таңдаудан ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ!


Көлікті ЖАЛҒА алудың ПАЙДАЛЫ тұстарын біле жүріңіз