Жалғыз данамен шыққан ең қымбат көлік кімге тиесілі?

0
4 513

Бұл көліктердің ішінде тұтынушылар сатып алып үлгергені де, енді құрастырылатыны да бар.


Жалғыз данамен шыққан ең қымбат көлік кімге тиесілі?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл көліктердің барлығы қолжетімді деп айта алмаймыз. Себебі, олардың біреулері мыңдаған данамен өндірілсе, кейбіреулері жалғыз данада жасалған.


1. Bugatti La Voiture Noire 2019 — $18,900,000.



Bugatti компаниясының бұл гиперкары Фердинанд Поршенің немересі – Фердинанд Пихаға арналып жасалған. Chiron Sport моделінде құрастырылған көлікке толығымен түпнұсқа шанақ (кузов) салынған және көліктегі көлемі 8.0-литрлік W16 қозғалтқышының қуаты 1500 ат күшіне тең. Айта кетейік, автомобильдің жалғыз данасы шығарылған.


2. Pagani Zonda HP Barchetta 2018 – $15,000,000.



Pagani атты ең керемет көліктердің бірі бар болғаны үшеу-ақ. Бірінші данасы компанияның негізін қалаушы — Горацио Паганидің құрметіне дайындалыпты. Ал, қалған екуі кімге тиесілі екені белгісіз.


3. Rolls-Royce Sweptail 2017 – $12,800,000.


Бұл автокөліктің стилі классикалық яхтаға ұқсас келеді, өйткені ол Sam di атты қытайлықтың тапсырысы бойынша жасалған. Сондай-ақ, көліктің дизайны туралы дау көп болған.


4. Maybach Exelero 2005 – $8,000,000.



«Темір тұлпар» жеке тұтынушы үшін емес, Fulda Reifen GmbH компаниясының жаңа шиналарын жарнамалау үшін құрастырылыпты. Сонымен қатар, барлық құрастыру жұмыстары DaimlerChrysler компаниясының инженерлеріне тиесілі болған. Ал, 2011 жылы көлікті американдық рэпер Брайан Уильямс сатып алған.



5. Bugatti Divo 2018 – $5,800,000.


Аталған Chiron гиперкөлігіне қол жеткізу өте қиын. Өйткені, олар тек 40 данамен ғана шығарылып, барлығы сатылып кеткен. Көлікті сатып алу үшін арнайы тапсырыс беріп, оны компания қайта құрастыру керек.


6. Koenigsegg CCXR Trevita 2010 – $4,800,000.


Ал, мына тамаша көліктің шанағы карбоннан жасалған және алмазды жабын қабаты бар. Жоспар бойынша көліктің үш данасын жасау көзделген, бірақ сатып алушы ретінде тек екі-ақ адам табылған. Олардың бірі Флойд Мейвезер. Мейвезер көлікті 2017 жылғы аукционда $2,600,000 қаржыға сатып алады да, іLusso автосалонына қояды. Қазір ол көлік американдық speedy_jeff коллекциясына тиесілі. Ал, екіншісі Швейцариядағы Carnage Luzern салонында тұр.



7. Lamborghini Veneno Roadster 2013 — $4,500,000.



Бұл көлік Lamborghini компаниясының 50 жылдығына арналған сыйлық ретінде Aventador моделінің негізінде құрастырылған. Алайда, барлық кузов панельдері жаңа үлгіде жасалған және қозғалтқыш күшін көбейткен. Таралымы – 9 дана.


8. McLaren P1 LM от Lanzante Motorsport – $3,600,000.


Р1 көлігінің негізінде жасалған бұл көліктің салмағы азайған, қысым күші ұлғайтылған және кондиционер орнатылған. Ал, таралымға 6 дана дайындалған.


9. Aspark Owl – $3,570,000.


Жаңа жапониялық компания 2017 жылы өзінің осындай алғашқы көлік үлгісімен жұртшылықты таң қалдырды. Сонымен қатар, өндірушілер бұл көліктің 50 данасы 2020 жылы нарыққа шығатынын мәлімдеген.


10. W Motors Lykan Hypersport и Bugatti Veyron by Mansory Vivere — $3,400,000.


Ал, мына көліктің екі нұсқасы жасалады. Біріншісі – Ливан суперкары деп аталады, ол Араб Әмірліктерінде жасалады және таралымы 7 дана болады. Екіншісі – Mansory жобасы. Ол екі данамен шығарылған.


Әрине, біз көріп отырған қаржыға көлік алу көп адамға оңай соқпайды. Бірақ, әр «тұлпардың» бағасы сапасына сай қойылатыны анық.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көктемде көлікті қалай басқару керек екенін білесіз бе?


Жүргізушілерге арналған тамаша көзілдіріктер