Көктемде көлікті қалай басқару керек екенін білесіз бе?

0
2 622

Бүгінгі мақалада асыға жеткен көктемде көлікті қалай басқарған дұрыс деген сұраққа байланысты пайдалы кеңестер ұсынамыз.


Көктемде көлікті қалай басқару керек екенін білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қыс бойы жолға қатқан мұздардың көктемде еріп кетуі жүргізушілерді қуанышқа бөлейді. Бірақ, өкінішке орай, ерумен бірге пайдалануға жарамды жолдың сапасы жоғалып жатады. Сондықтан, көктемде көлік жүргізушілері шалшықтарды кешіп, шұңқырларға түсіп жол жүруге мәжбүр болады. Сонда, көктемде көлікті қалай басқару керек?


Төмен жылдамдық – аз қатердің кепілі

Бұл ұстаным көптеген жүргізушілердің есінен жиі шығып кетеді. Негізі, таза болса да, нашар жолда баяу қозғалған жақсы. Себебі бұл – дөңгелектерді бұзылудан сақтауға, баратын жерге аман жетуге, көктемгі жолдың барлық қауіп-қатерін және «тосын сыйларын» алдын ала байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көліктің тура алдындағы кеңістікке ғана көңіл бөлмей, жағдайды алдын ала бағалау және сақтану маневрлерін жасау, уақытты ұту үшін алысқа қарап отыру керек.



Сондай-ақ, көктем мезгілінде жүргізушілер қыстық шинаны жаздыққа өте ерте немесе кеш ауыстырып жатады. Нәтижесінде бірі жазғы шинамен көктайғаққа тап болады, ал басқалары құрғақ асфальтта тікенекті шинамен жүріп жатады. Резеңкелерді қай кезде ауыстырған дұрыс екенін алдыңғы мақаламызда толық жазған болатынбыз.


Қауіпті жүргізушілерден сақ болыңыз

Көктемде кейбір көлік жүргізушілерінің оқыс іс-әрекеттеріне дайын болу қажет. Себебі, көліктерін өте ұқыпты айдауға ұмтылатын жүргізушілер өзгелерге көп қауіп төндіреді. Мысалы: олар күтпеген қимыл жасар алдында айнаға қарап үлгермейді, ал оның әрекеті сізге де зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, ара қашықтықты дұрыс ұстап, бүйірлік аралықты ұлғайтуды ұсынамыз. Тиісінше, Сіз де алдыңыздан шығып қалған шұңқырды айналып өтемін деп, рульді бірден бұрамаңыз, бұл әрекетіңіздің соңы апаттық жағдайға әкелуі әбден мүмкін.



Сондай-ақ, бұрылыстан керек көшеңізге кірген кезде ғана шұңқырды байқай алатын жағдайлар болады. Егер, сіз ойықты айналып өтуге үлгермесеңіз, жылдамдықты барынша тежеңіз де, ойыққа келген кезде тежегіш педалін жіберіп қалыңыз. Мұндай қажеттілік былай түсіндіріледі: қозғалыс кезінде көліктің салмағы артқы және алдыңғы осьтер арасында тең дәрежеде бөлінеді, ал тежеу кезінде салмақтың 85%-ы алдыңғы оське түседі. Сонымен қатар, алдыңғы дискілер мен шиналарға түсетін жүк бір жарым есеге, кейде одан да көп артады екен. Енді, жоғарыда айтылған қажеттіліктің пайдасы түсінікті деп ойлаймыз.


"Колеядан" аулақ болу керек

Жолдағы көліктер қазып тастаған іздерден аулақ болу керек. Оған дөңгелектерді түсірмеуге тырысып, оңға немесе солға қарай алу керек. Бірақ, кейде дөңгелектер жолтабанға түсіп кетуі мүмкін, содан кейін көліктің қозғалысы тоқтай бастайды. Бұл жағдайда, қалыпты жүріске келу үшін рульді тура ұстап, газды сәл қаттырақ басып отыру ұсынылады.



Ал, өте терең жолтабаннан өту оңай шаруа емес, бұл жағдайда көліктің дөңгелектерімен жолтабанның қабырғасына үйкелуге кеңес береміз, сонда ғана Сізде қосымша тірек пайда болады.


Көлшіктертен асықпай өтіңіз

Әсіресе, бейтаныс жолдағы көлшіктерден ең аз жылдамдықпен өту керек, өйткені су астында не бар екені белгісіз, онда арматура немесе шұңқыр болуы мүмкін. Тіпті, Сізге тегіс асфальт бар екені белгілі болса да, жылдамдықты азайту керек, себебі ешкім жоғары жылдамдықпен келіп, судың жылдамдыққа кері әсерін жоя алмайды.



Сондай-ақ, көлшіктен неғұрлым үлкен жылдамдықпен өтетін болса, соғұрлым шиналардың суды контакты (байланыс) аймағынан алыстатуы төмендейді.


Тағы бір кеңес артық болмайды

Бұрын жүріп көрмеген жолдан өткен кезде жол төсемінің шетіне және түйіспелердің жанына жақын жерлермен жүрмеуге тырысыңыз, себебі бұндай жерлерде ойықтар көп болады.

Оқып отырғаныңыздай, көктемде көлік жүргізіп, оны зақымдап алмау үшін өте сақ болу керек. Ешқашан асықпаңыз, егер көлік бұзылса, оны түзетуге уақыт көп кетеді. Ал, апатқа түсу өзіңізге тікелей қауіп төндіреді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл кеңестер әрбір автокөлік иелеріне АУАДАЙ ҚАЖЕТ! Байқап көріңіз


«Женева автосалоны 2019»: су жаңа көліктер таныстырылымы басталды