ЖИЫРМА ТӨРТ доңғалақты көлікті НЕ ҮШІН жасағанын білесіз бе?

0
1 989

Бұларды тіпті жасы үлкен адамдар да көрмеген болуы мүмкін.


ЖИЫРМА ТӨРТ доңғалақты көлікті НЕ ҮШІН жасағанын білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өткен ғасырдағы жүк көліктері сол заманның үздік техникалары болған. Кейбір жастар оларды көрмеген болса, жасы үлкен кісілер сол темір тұлпарлармен қатынап, жұмыс істеген. Сондай-ақ, біз айтып отырған көліктердің арасында өте сирек кездесетін ерекше жүк көліктері де болған.

1. НАМИ-076 «Ермак»

Бұл көлікті 1963 жылы Орталық ғылыми-зерттеу автокөлік және автоқозғалтқыш институты КСРО Орман өнеркәсібі министрлігінің тапсырысы бойынша НАМИ-076 үлгісімен әзірлеген және оны "Ермак"деп атаған. Жүк көлігі 300 ат күшіне арналған ЯМЗ қозғалтқышымен және 25 тонна жүк көтере алатын 6x6 дөңгелегімен жабдықталған. Содан, 1968 жылы көліктің эксперименттік үлгісі шығып, өкінішке орай, сол кезде жүк көлігін сериялық тапсырысқа жіберуге арналған материалдық-өндірістік база болмағандықтан сынама үлгі болып қалған.


2. МоАЗ-7915

Әуежайдағы ұшақтарды тіркеп алып сүйрейтін көліктердің сыртқы көрінісі қарапайым болғанымен, қойылатын талаптар өте жоғары. Ал, Кеңес дәуіріндегі осындай техникалардың ішіндегі ең ерекшесі – МоАЗ-7915. «Могилев» автокөлік зауытында жасалған алғашқы алып аэродромды тартқыш көлік салмағы 400 тоннаға дейінгі ұшақтарды сүйреуге арналған жәнпе 600 аттың күші бар 2 ЯМЗ дизелді қозғалтқышымен жабдықталған. Ғаламтор беттеріндегі ақпарат бойынша, 1987 жылдан 1995 жылға дейін осындай 10 көлік жасалған көрінеді.


3. МАЗ-510Г


Аты аңызға айналған МАЗ-503 көлігін өңдеу барысында МАЗ-510Г атты ерекше жүк көлігінің эксперименттік прототипі жасалған. Бұл металды үнемдеу үшін ойластырылып, іс жүзінде мұндай кабина әдеттегі металдан әлдеқайда аз талап еткенімен, өндірісте ыңғайсыз әрі күрделі болған. Сол себепті ерекше жүк көлігін шығарудан бас тартқан.


4. МАЗ-7907

Қазіргі жүк көліктерінде ары кетсе 8-10 доңғалақ бар болса, МАЗ-7907-ні құрастырушылардың жұмысы барлық адамды таңқалдырған. Себебі, бүл автокөлік "Целина-2" зымыран кешеніне ығайлы болу үшін 24 дөңғалақпен (олардың 16-сы басқарылады) және 1250 ат күші бар қозғалтқышпен жабдықталған. Алайда, бұл көлікті құрастыруда бірқатар техникалық және материалды мәселелер болғандықтан, тек екі данасы жасалған.


5. ЗИС-42

Соғыс кезінде жол талғамайтын жүк көліктері қажет болып, мәселе осындай жартылай доңғалақты, жартылай шынжыртабанды техникаларды жасау арқылы шешімін тапқан. Алайда, бұл көліктер соғыс жағдайында өте тиімді болғанымен, майданнан кейін олардың өндірісі бірден тоқтатылған.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әйнек сүрткіштер ҰЗАҚ УАҚЫТҚА ШЫДАСЫН десеңіз...


Тек "пысықтар" ғана КӨЛІКТІ ҚЫСҚА осылай дайындайды