Жүргізушілерге арналған тамаша көзілдіріктер

0
2 829

Бұл өндіруші компаниялар мен көзілдіріктер топтамасы тұтынушылардың пікірлері бойынша жасалған.


Жүргізушілерге арналған тамаша көзілдіріктер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жүргізушілерге арналған көзілдіріктер күндізгі және түнгі уақыттағы көлікпен жүру кезінде қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін жасалған. Олар басқа автомобильдердің қуатты жарық фарынан қорғайды, жолды жақсы шолуға көмектеседі және олар үнемі рөлге отыратын адамдарға ұсынылады. Ал, біздің мақаламыз оңай және тиімді таңдау жасау үшін жазылып отыр.


Жүргізушілерге арналған көзілдірік шығаратын фирмалар


Отандық және шетелдік өндірушілер ұсынатын мұндай көзілдіріктер нарықта өте көп және оның ішінде сапасы жақсысы да, төмені де бар. Дұрыс таңдау жасау үшін сол өндірушілердің рейтингін ұсынамыз:



• Cafa France – әдеттегі атауына қарап, Француз бренді деп ойлап қалуымыз мүмкін, бірақ бұл ресейлік компания. «Союз» сауда үйі иелік ететін брендтің мақсаты – күндіз ғана емес, түнгі уақытқа да арналған жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тауар әзірлеу және өткізу.

Autoenjoy – бұл хорватиялық optic TECHNOLOGY INNOVATION компаниясына тиесілі сауда белгісі. Ол жапон және неміс дизайнерлері және конструкторларымен бірлесіп жасалған. Мақсаты – түрлі ауа райы жағдайында көлікпен жүру кезіндегі қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін бұйымдар жасау.

MATSUDA –өндірістегі инновациялық технологияларды, заманауи жабдықтарды және бірегей дизайнды біріктіретін жапондық компания. Фирма өз көзілдіріктерінің киюге ыңғайлылығына және әмбебаптығына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, олардың көзілдіріктері «күн қорғанысы» ғана емес, толыққанды «автофаралар» болып есептеледі.

SP Glasses – бұл тек жүргізушілер үшін ғана емес, жоғары сапалы емдеу және алдын алу көзілдіріктерін әзірлейтін өндірістік кәсіпорын. Барлық көзілдіріктерін киіп, рөлге отыра беруге болады. Сондай-ақ, каталогында орташа бағалы, премиум-класс бұйымдары бар фирманың түрлі көзілдіріктерінің арасында сары линзалары бар үлгілері ерекше бағаға ие болады.


Үздік көзілдіріктер тізімі

Жүргізушілерге арналған көзілдіріктердің саны өте көп екенін айттық және қазір тек ең танымал және ыңғайлы 5 үлгісіне тоқталамыз. Олардың арасында орташа және қымбат бағалы нұсқалар бар, ал әр адам өзі үшін ең қолайлы бұйымдарды таңдай алады:


Cafa France CF 8511


Линзаларының формасы тұрғысынан бұл көзілдірік ең жақсы деп атауға болады, өйткені көзді толығымен жабады және жолды шолып отыруға кедергі жасамайды. Сонымен қатар, жүргізушінің рөлдегі қауіпсіздігі үшін күн немесе жарықтың шағылысуынан қорғайды. Барлық бөліктері безендірілген әмбебап құралдың тағы бір артықшылығы – басқа көліктердің жарығын өткізбейді және көздің шаршауын төмендететін линзалары болады.


AUTOENJOY Fashion SM 02 G


Бұл көзілдірік жүргізушілер үшін бірінші кезекте дизайнымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, мұны күндізгі немесе түнгі уақытта киюге болады және көру қабілеті төмен адамдарға да пайдалы болып есептеледі. Ал, басты «фишкасы» — көзілдірікті алу қажет болған жағдайда ыңғайлылық тудыратын қайырмалы линзалар. Қалың пластикалық түтікшелерінің арқасында бетке жақсы тұрады.


MATSUDA MT 087


Бұл көзді күн мен жарықтан қорғайтын классикалық үлгідегі көзілдірік. Олар күндіз де, түнде де көлік жүргізудегі қауіпсіздікті арттырады және ыңғайсыздық тудырмайды, себебі түтігі өте жұқа және тайғанамайды. Сонымен қатар, ауа райына байланысты әртүрлі түске өзгертетін, соққыға төзімді, денсаулыққа зиян тигізбейтін хамелеон линзаларымен ерекшеленеді.


SP Glasses AS 023 Grey



Жүргізушілерге арналған бұл көзілдіріктер көп функциялылығы үшін осы тізімге еніп отыр. Яғни, «үшеуі біреуінде» — ультракүлгін сәуледен, өзге жарықтардан қорғайды және көздің шаршауын төмендетеді. Линзалары мен түтіктері пластиктен жасалған, микрофибрадан жасалған майлықпен оңай тазаланады және ыңғайлы тұрады.


Autoenjoy AEJL 02Y


Аталған көзілдірік ең алдымен түнгі уақытта пайдалануға арналған және күн сәулесінен де қорғай алады. Пайдаланушылардың пікірінше, жолды толықтай көруге, жүргізушіге тез әрекет етуге және жолдағы қауіп-қатердің азаюына үлкен пайдасын тигізеді.

Сондай-ақ, ультракүлгін жарықтан қорғайтын бірнеше қабаттан жасалған линзалармен жабдықталған, ал ол линзалар көзге зиян тигізбейді. Ал, пластикалық болаттан жасалған түтіктері ыңғайлы, оңай сына қоймайтындығын айта кеткен жөн.


Біздің мақсатымыз – нарықтағы жүргізушілерге арналған ең жақсы көзілдіріктермен таныстыру. Ал, таңдау Сіздің құзырыңызда.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


«Женева автосалоны 2019»: су жаңа көліктер таныстырылымы басталды


Көктемде көлікті қалай басқару керек екенін білесіз бе?