Жүргізушіні ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАТАТЫН әрекеттер

0
2 504

Көлік тізгіндегенде қайғылы жағдайға ұшырататын әдеттерді тыю қажет.


Жүргізушіні ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАТАТЫН әрекеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген елде жол апатын жасағандарға айыппұл салынады. Бірақ, адамның өмірі айыппұлмен шешілмейді ғой. Сондықтан көлік тізгіндегенде қайғылы жағдайға ұшырататын әдеттерді тыю қажет.

Мысалы, көпшілігіміз көлік жүргізу кезінде жолдан өзге заттарға назар аударудың қауіпті екенін біле тұра, тыйым салынған әрекеттер жасаймыз. Осы мәселені зерттейтін мамандардың мәліметіне сүйенсек, 10 жол апатының біреуіне осындай әрекеттер себеп болады екен. Осы орайда жүргізушілерге мына әрекеттерге жол бермеу керек екенін ескертеміз.


Мұндай аяқ киіммен рөлге отырмаңыз

Тбаны тайғақ, материалы тым тығыз немесе керісінше тым бос аяқ киіммен рөлге отыру төтенше жағдайларды тудыратын факторлардың бірі болып саналады. Мысалы, мамандар жүргізген зерттеуге сәйкес, ыңғайлы аяқ киім киген адам аяғын бір педальден екінші педальге 0,04 секундта ауыстыра алады екен. Ал, аяқта бос тұратын сүйретпе немесе үлкен кроссовка киген адам бұл әрекетке екі есе көп уақыт жұмсайды. Тіпті, кейбір Еуропа елдерінде мұндай жағдай үшін айыппұл салынады екен.

Биік өкшелі аяқ киім де жүргізушілер үшін ең бұрыс нұсқа болып саналады. Өйткені, ондай аяқ киім қандай да бір жерге ілініп қалып, әрекеттің кеш орындалуына себеп болуы мүмкін. Сосын, рөлге жалаңаяқ отырудың қажеті жоқ. Себебі, төтенше жағдайда сіз тежегіш педальды жеткілікті күшпен баса алмай қаласыз.


Тамақ және құлаққап

Көптеген елдерде рөлде отырып құлаққап тағуға және тамақ жеуге тыйым салынбаған. Әрине, құлаққап тақса да, тамақ жесе де көлік тізгінін дұрыс ұстайтын тәжірибелі жүргізушілер көп. Дегенмен, жуырда ғана жүргізілген автомобиль өндірушілерінің зерттеуі бұған керағар. Өйткені, қауіпті жағдайда құлаққап таққан жүргізушінің реакциясы 4 секундтан артық кешеуілдейді екен. Ал, сіз жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатқанда 4 секундта жүздеген метр жүріп үлгеретініңізді білесіз бе? Демек, құлаққап қауіп-қатерге жақындата түседі деген сөз.

Сондай-ақ, рөлде отырып тамақ жеген жүргізушінің де реакциясы осындай болады екен. Оның үстіне, мұндай жағдайда олар рөлді бір қолмен ұстап келе жатады ғой.


Косметиканың кесірі

Көптеген қыздар рөлде отырып боянудың қауіпті екенін біле тұра, қауіпсіздікті екінші орынға ысырып қояды. Соның салдарынан, яғни әйел жүргізушілердің қабақ немесе ернін бояуға шешім қабылдағанынан жыл сайын жарты миллионға жуық апат орын алады екен. Сондай-ақ, қозғалыс кезінде макияж жасаған адам жол апатынан бөлек, өзіне де зиян тигізуі мүмкін. Мысалы, сіз қабағыңызды қаламмен бояп келе жатып «жол полицейін» аңғармай қалсаңыз, көзіңізге зиян тиюі әбден мүмкін емес пе?



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Доңғалақ жарылғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?


Көктем немесе күз: Көлікті ҚАЙ КЕЗДЕ сатқан дұрыс?