Доңғалақ жарылғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

0
3 794

Зақымдалған дөңгелекті жаматып, орнына салудан басқа не білесіз?


Доңғалақ жарылғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Доңғалақтың жарылуы – күтпеген жерден орын алатын өте жағымсыз жағдай. Кеңесшілер мұндай кедергіге тап болғанда рөлді екі қолмен мықтап ұстап, аз уақыттың ішінде шешім қабылдау арқылы қауіптің алдын алу керектігін айтады. Өйткені, доңғалағы жарылған автомобильді басқару ең қиын әрі жауапты міндет болып саналады. Тіпі, жүргізушінің тәжірибесіне де қарамайды.


Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін алдымен қауіпсіз жылдамдық режимін ұстанудан бастау қажет. Неғұрлым баяу жүрсеңіз, қауіпсіздік деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Себебі, доңғалақтың 80-90 км/сағ жылдамдықпен келе жатып тесілгеніне қарағанда, 140-150 км/сағ жылдамдықпенкеле жатып тесілгені едәуір қауіпті болады.

Тежегіш педальды түбіне дейін баспаңыз. Әрине, мұны айту оңай. Өйткені кез келген адамның санасына төтенше жағдайда тежегішті толық басқан дұрыс деген ой келеді. Ал, шын мәнінде тежегішті түбіне дейін басу арқылы төтенше жағдайды одан сайын ушықтырып алуыңыз ғажап емес. Дұрысы – тежегішті бірнеше рет басып, жіберіп тоқтау әдісін қолдану.


Көлік рөлін тіке ұстауға бар күшіңізді салыңыз. Өйткені, мұндай кезде бұрылу апатты жағдайды ушықтырып жібереді. Әйтпесе көлігіңіз жолда сырғанап, қарсы бағытқа шығып, өзге көліктермен соқтығысуыңыз да мүмкін. Сондай-ақ, рөлдің күрт бұрылуынан көлік аударылып кетуі ғажап емес. Сондықтан, қандай әдіспен болмасын жолдың шетіне тоқтаудың амалын жасау қажет. Тоқтағасын, апаттық белгіні орнатып, жарығын жоғып қою керек.



Керек кеңестер:

  • Егер автомобильдің рөлі солға немесе оңға тартылып, бұру қиындаса, онда алдыңғы доңғалақтардың бірі тесілген деген сөз. Себебі, көліктің рөлі әрқашан алдыңғы доңғалақ тесілгенде белгілі бір бағытқа тартып тұрады.
  • Егер сіздің көлігіңіз жол талғамайтын немесе минивэн болса, онда доңғалақ жарылғанда жол апатына ұшырау ықтималдығы артады. Өйткені, доңғалағы жарылған көлемі үлкен көліктерді бақылауда ұстау қиын болады.
  • Қозғалыс кезінде рөлді екі қолмен мықтап ұстау қажет. Бір қолмен басқарып отырғанда төтенше жағдай орын алса, қозғалысты бақылауда ұстау қиындық тудырады.
  • Орын алған жағдайға қарамастан, әрқашан сабырлы болуға тырысыңыз. Асығыс әрі бұрыс қабылданған шешім өміріңізге қауіп төндіреді.
  • Егер жол дымқыл болса, жағдай нашарлайды. Сондықтан, жаңбыр жауып тұрған кезде қауіпсіз жылдамдық режимін ұстанған дұрыс. Дегенмен, жаңбырлы немесе салқын ауа-райында автомобиль шинасының қызып кету мүмкіндігі төмен болады.
  • Доңғалақ тесілгенде кез келген көліктің жүріс-тұрысы өзгереді. Сол себепті рөлді кілт бұру, жылдамдықты күрт төмендету немесе жоғарылату сынды қимылдарға бармаған дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


«ҚОҢЫЗ КӨЛІК» әлем жұртын ҚАЛАЙ ТАҢҒАЛДЫРДЫ


2022 жылы ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР шығады