​1 литр сүттен 1 литр қаймақ дайындауға болады

0
26 753

1 литр сүттен 1 литр қаймақ жасаудың әдістерін білесіз бе?


​1 литр сүттен 1 литр қаймақ дайындауға болады

Қарапайым сүттен үй қаймағын жасаудың еш қиындығы жоқ. Тек оған қажетті қоспаны дұрыс таңдап, уақытылы қоса білуіміз керек. Ендеше бүгін біз сіздерге қаймақ жасаудың бірнеше рецептін ұсынамыз.


Сүттен дайындалған қаймақ


Қажетті өнімдер:

  • 1 литр сүт
  • 2-3 ас қасық қаймақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Қаймақты дайындау үшін дүкенде сатылатын 3,5-4,5 пайыздық сүтті пайдалануға да болады. Осы сүтті су құйылған ыдысқа салып қайнатамыз. Отқа қоятын ыдыстың түбіне майлықты салып, оның бетіне сүт құйылған банканы саламыз.
  2. Сүт салынған ыдысты отқа қоямыз. Сүт қайнауға дейін жету үшін ыдыстағы су қайнасын. Осылайша 80 градусқа дейін қыздырылған сүтті судан алып, бөлме температурасында суытамыз.
  3. Енді жылы сүтке ұйытқы қосуымыз керек. Ол үшін кәдімгі қаймақты пайдалануға болады. 1 литр сүтке 2-3 ас қасық қаймақ саламыз. Қаймақты біркелкі болғанша сүтпен араластырып, қақпағын жабамыз да, сыртынан матамен жылы орап қоямыз. 40 минуттан кейін банканың қақпағын ашсаңыз, сүттің қалай қаймаққа айналғанын көресіз.


Мультипеште ұйыған қаймақ


Қажетті өнімдер:

  • 500 мл кілегей
  • 0,5 гр. ұйытқы


Дайындалу тәсілі:

  1. Кілегейдің кез келген майлылықтағы түрін таңдауға болады. Майлы болған сайын дайындайтын қаймағымыз да өте қою болып шығады.
  2. Кілегейді мультипештің қазанына құйып, «мультиповар» батырмасын таңдап, пешке саламыз. 10 минут қыздырған жеткілікті.
  3. Енді қаймақты ұйытатын банкаға алдымен қаймақ салып, сосын кілегейді құямыз.
  4. Осы банканы енді мультипештің қазанына қайтадан салу керек. Енді мультипештің «йогурт» батырмасын басып, 10 сағатқа қалдырамыз.
  5. Осы уақыт өткеннен кейін қаймақ та дайын болады.


Айраннан дайындалған қаймақ


Қажетті өнім:

  • 1 литр айран (кефир)

Дайындалу тәсілі:

  1. Қаймақты дайындау үшін айраннан бөлек дуршлаг пен табақ немесе кеңдеу ыдыс қажет.
  2. Дуршлагтың ішіне 6 қабатталған дәкені жаямыз. Сөйтіп дуршлагты табақтың ішіне саламыз.
  3. Дуршлагқа айранды құйып, осы қалпында тоңазытқышқа салып қойыңыз. 8 сағаттан соң дәршлагты тоңазытқыштан шығарыңыз. Дәкенің бетінде қалған қою қаймақты басқа ыдысқа салып ала берсеңіз болады. Қаймақ дайын!


Сүт пен айраннан жасалған қаймақ


Қажетті өнімдер:

  • 1 л сүт
  • 4 ас қасық айран


Дайындалу тәсілі:

  1. Сүтті қайнауға дейін жеткізіп, 40 градусқа дейін суытады. Сосын 2 литрлік банкаға құйып, айранды құямыз. Банканың қақпағын жауып, сүт пен айранды шайқап араластырамыз.
  2. Осылайша шайқалған банканың сыртынан жылы орап, 7 сағатқа қалдырамыз.
  3. Енді дуршлагқа бірнеше қабатталған дәкені салып, банкадағы сүтті дәке арқылы құямыз. Осы қалыпта тоңазытқышқа салып қойған дұрыс. Сонда сүт пен айранның сары суы барынша шығып, 8 сағатта дайын болады.
  4. Дайын қаймақты ыдысқа салып алып, блендермен араластырамыз. Егер қаймақ тым қою болып кетсе азырақ сүт қосып жіберуге болады.
  5. Дайын қаймақты бір түн бойы тоңазытқышқа салып қойсаңыз, таңертең өте дәмді әрі қою қаймақты таңғы асқа жей аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Иммунитетті көтеру үшін ҚҰРТ ҚОСЫЛҒАН ас ішіңіз


Ағзаны ҚУАТТАНДЫРАТЫН үш түрлі САЛАТ