5 минутта дайын болатын өте дәмді бәліш

0
18 396

Тез дайындалатын пирожкидің жасалу жолдары әрбір үйбикесінің қойын дәптерінде жазылып тұруы тиіс. Себебі бұл пирожкиді кез келген уақытта жылдам пісіре салуға болады. Балалар сүйіп жейтін дәмді пирожкиді түрлі өнімдерден дайындауға болады. Қамырын ашытпай-ақ, айранға илеп аласыз. Егер сіз пирожкиді тез пісіру әдісін таппай жүрген болсаңыз, жазып алыңыз!


5 минутта дайын болатын өте дәмді бәліш

суреттер ашық дереккөзден алынды

Тез дайындалатын бәліштің жасалу жолдары әрбір үйбикесінің қойын дәптерінде жазылып тұруы тиіс. Себебі бұл бәлішті кез келген уақытта жылдам пісіре салуға болады. Балалар сүйіп жейтін дәмді бәлішті түрлі өнімдерден дайындауға болады. Қамырын ашытпай-ақ, айранға илеп аласыз. Егер сіз бәлішті тез пісіру әдісін таппай жүрген болсаңыз, жазып алыңыз!


Қажетті өнімдер

  • 1 дана жұмыртқа
  • 200 мл 2 пайыздық кефир
  • 0,5 кг ұн
  • 1 шай қасық тұз
  • 1 ас қасық қант
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • ½ шай қасық ас содасы.

Дайындалу тәсілі: Алдымен жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Содан соң оған қант пен тұзды қосасыз. Сонымен бірге өсімдік майын, кефирді құю керек. Барлығын жақсылап араластырып, көпіршітесіз. Осы араласпаға енді ас содасын қосыңыз.

Барлық қоспалар бірқалыпты араласқанша миксермен айналдырасыз. Артынша сірке суына көпіршітілген ас содасын құю керек. Ал, ұнды аз-аздан қосып отырып, араластырған дұрыс. Дайын қамырды бәлішке арналған бөліктерге бөліп, қолмен жайып шығасыз. Содан соң қыздырылған майға салып пісіріп ала беруге болады. Бәлішті өзіңізге ұнайтын салманы салып әзірлеуіңізге болады. Мәселен, қырыққабат, картоп езбесі, ет пен пияз салынған бәліш өте дәмді болары сөзсіз. Ал, асығыс уақытта салмасыз да пісіре салуға мүмкіндігіңіз бар.

Бұқпа пеште дайындалатын бәліш

Қажетті өнімдер

  • 600 гр. ұн
  • 250 мл. кефир
  • 1 дана жұмыртқа
  • 3 ас қасық өсімдік майы
  • ½ шай қасық ас содасы
  • 1 дана пияз
  • 400 гр. қырыққабат
  • Қара бұрыш, дәмдеуіштер.

Дайындалу тәсілі: Кефирді табаққа құйып алыңыз. Ас содасын қосып, 5-6 минут күте тұрыңыз. Сосын тұз бен өсімдік майын құясыз. Барлығын араластыра отырып, ұнды қоса бастайсыз. Ары қарай қамырды қолмен илеген дұрыс. Осындай қоспалармен дайындалған қамыр қолға жабыспауы тиіс. Дайын қамырды табаққа салып, пленкамен бетін жауып қоя тұрамыз.

Қырыққабатты майдалап турап, майға қуырасыз. Пиязды да турап, қырыққабатпен бірге қуырады. 5 минут қуырылғаннан кейін бұрыш салып, дәмдеуіштерді қосыңыз. Сонда салмаңыз да дайын болады.

Ал, енді дайын қамырды алып, бәлішке арналған қамырларды дайындаймыз. Ол үшін қамырды кішкентай бөліктерге бөліп, домалақтау қажет. Ортасына салманы саласыз да, қамырды жапсырып, барлығын осылай жасап шығасыз. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, табаны майлайсыз да, бәліштерді орналастырып, пешке саласыз. 30-40 минуттан соң бәліштер де дайын болады.

Жұмыртқа мен кефирден бәліш


Қажетті өнімдер

  • 0,5 кг ұн
  • 4 дана жұмыртқа (1-еуі қамырға, қалғаны салмаға)
  • 1 стақан кефир
  • 1 шай қасықтан, ас содасы, қант, тұз
  • Көк пияз
  • 100 мл өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі: Бәліштің қамырын дайындау үшін алдымен кефир мен жұмыртқаны араластырып аласыз. Осы араласпаға тұз бен ас содасын салыңыз. Сосын қантты да қосып жіберуге болады. Соңында ұнды қосып, барлығын жақсылап араластырасыз. Дайын қамыр жұмсақ әрі қолға жабыспайтын болуы керек.

Енді салманы дайындайық. Ол үшін көк пиязды жуып, майдалап турайсыз. Жұмыртқаны қайнатып, текшелеп турайсыз. Көк пияз бен жұмыртқаны араластырып, тұз қоссаңыз болады.

Қамырды кішкентай бөліктерге бөліп, домалақтар жасаймыз. Содан соң ортасына салманы салып, бәліштерді жасап шығасыз. Табаға май құйып қыздырып, бәліштерді пісіріп алыңыз. Енді бәліштерді дастарханға ұсына беріңіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ