​«Ағайындар» салаты

0
4 186

Адамның ғана емес, картоп, пияз, асқабақтың да «ағайын-туысқаны» бар. Мысалы, сабағы жер бауырлап өсетін асқабақ, қырыққабат, қарбыз, қауын, қияр – ағайынды. Қызанақ, баялды, тәтті және ащы бұрыш – туысқандар.


​«Ағайындар» салаты

Адамның ғана емес, картоп, пияз, асқабақтың да «ағайын-туысқаны» бар. Мысалы, сабағы жер бауырлап өсетін асқабақ, қырыққабат, қарбыз, қауын, қияр – ағайынды. Қызанақ, баялды, тәтті және ащы бұрыш – туысқандар.

Меніңше, ең оңай салат – «ағайындар» салаты. «Ағайындар» салатының түрі көп болғанымен, дайындалу әдісі біреу-ақ: «Тазалау, турау, ағайынды біріктіру». Бір тұқымдасқа жататындарды біркелкі етіп турап, майонезбен немесе өсімдік майымен араластырсаңыз болғаны. Осы ғана!

Әрине, салатқа сән беру үшін, «ағайындар» арасына «көрші» немесе «нағашы» азықтарды қосуға да болады. Мысалы, мен бұршақ тұқымдасына жататын дақылдардан дайындалатын «ағайындар» салатына пияз бен аскөкті қостым.


ҚҰРАМЫ:

- 150 грамм консервiленген үрмебұршақ

- 150 грамм маринадталған жүгерi

- 150 грамм қалбырдағы асбұршақ

- 1 бума аскөк

- 1 дана қызыл түсті пияз.


Дайындалуы

1. Тазалау: Қалбырдағы бұршақтарды суынан сүзiп алыңыз. Пиязды қабығынан тазартыңыз. Пияз бен аскөкті жуыңыз.

2. Турау: Пиязды дөңгелектеп, ал аскөктi ұсақтап турау керек.

3. "Ағайынның" басын біріктіру: Туралған пияз бен аскөкті бұршақтарға қосып араластырыңыз.

Наргиза ЕЛТАЙ,

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 1-курс студенті.