​Асқабақ ішіндегі ас

0
4 269

Ағзаңызға күзде қандай дәрумен керек? Оны қалай білуге болады? Қажетті дәруменді қайдан іздеген дұрыс? Әр мезгілдің «мінезіне» қарай ағзамен санаса білген адам ауырмайды. Мысалы, денеңіз қыста қалың, ал жазда жеңіл киімді қажет етеді. Ағзаңыз таңертең құнарлы, ал кешке жеңіл асты қалайды. Айта берек, мысал көп. Бұл табиғаттың үйлесімділік заңы. Заң бұзылса, онда ағзаның қызметі де бұзылады. Үйлесімділік заңы ма? Оны білу үшін арнайы маман болудың қажеті жоқ. Зер сала қараған адамға бәрі де анық. Табиғатпен тұтас болсаңыз болғаны. Мысалы, адам ағзасы күзде қандай дәрумендерге зәру? Жауап: күзде пісіп, жиналатын көкөніс, жеміс, бақша дақылдарында кездесетін минералды заттарға!


​Асқабақ ішіндегі ас

Ағзаңызға күзде қандай дәрумен керек? Оны қалай білуге болады? Қажетті дәруменді қайдан іздеген дұрыс?

Әр мезгілдің «мінезіне» қарай ағзамен санаса білген адам ауырмайды. Мысалы, денеңіз қыста қалың, ал жазда жеңіл киімді қажет етеді. Ағзаңыз таңертең құнарлы, ал кешке жеңіл асты қалайды. Айта берек, мысал көп.

Бұл табиғаттың үйлесімділік заңы. Заң бұзылса, онда ағзаның қызметі де бұзылады. Үйлесімділік заңы ма? Оны білу үшін арнайы маман болудың қажеті жоқ. Зер сала қараған адамға бәрі де анық. Табиғатпен тұтас болсаңыз болғаны. Мысалы, адам ағзасы күзде қандай дәрумендерге зәру? Жауап: күзде пісіп, жиналатын көкөніс, жеміс, бақша дақылдарында кездесетін минералды заттарға!

Міне, ағзаны аурудан, дәрумен тапшылығынан қорғайтын үйлесімділік заңының түк қиындығы жоқ. Түсінікті болу үшін, күзгі кешкі астың бірін бірге пісірейік. Ендеше, бізге күзде пісетін азықтар қажет.

Күз айында пісетін көкөністің бірі – асқабақ. Дәл қазір асқабақтың науқаны. Оны базардан, сауда орындарынан оңай табасыз әрі арзан.

Күзде пісетін дәнді дақылдың бірі – қарақұмық. Қарақұмық шілде айында гүлдеп, қыркүйек-қазан айында піседі. Олай болса, асқабақ пен қарақұмықты үйлестіріп ас даярлайық.


ҚҰРАМЫ: 1 дана асқабақ; 2 стакан қарақұмық; 2 дана сәбіз; 2 ас қасық сары май; 1 дана пияз; 1 стакан сүт; 3-4 дана сарымсақ; ½ шай қасық қант және қалауыңызға қарай ас тұзы.


ДАЙЫНДАЛУЫ: Духовканың ішіне сыятындай көлемдегі асқабақты таңдап алыңыз. Асқабақ дөңгелек әрі тәтті болса, бүгін пісіргелі отырған кешкі асыңыз да дәмді болады.

1. Асқабақты жылы сумен жуып, жоғарғы жағын қақпақ секілді ұқыпты кесіңіз. Ішіндегі «етін» бөліп алып, дәндерінен тазалаңыз. Асқабақ қабырғасында шамамен 1,5 см жұмсағын қалдырыңыз.

2. Асқабақтың ішіне салатын салманы дайындаңыз. Қазанға қарақұмықты жуып салып, су құйып қайнатыңыз. Пісуге жақындағанда отты сөндіріңіз.

3. Асқабақ «еті» мен сәбізді, пиязды ұсақтап, төртбұрыштап тураңыз.

5. Кастрюльдегі қарақұмықта су мөлшері көп болса, бөліп алыңыз. Туралған асқабақ, сәбіз және пиязды қарақұмықпен араластырыңыз. Қалауыңызға қарай қант және тұз қосыңыз.

6. Салманы асқабақтың ішіне орта белінен етіп салып, сүт құйыңыз. Сары май қосыңыз.

7. Сарымсақты қабығын аршымай, бүтін күйінде салыңыз. Асқабақтың «қақпағын» жауып, бұқпа пешке салыңыз.

Асқабақтың піскенін көлемінің кішірейгенінен біле аласыз. Дастарханға осы күйінде апарып, қақпағын ашып, тарелкаларға салып, отбасы мүшелеріне ұсыныңыз.

Әрине, асты тек күзде пісетін бақша дақылдарынан даярлау міндетті емес. Күздік бақша дақылдарын басқа азықтармен қосып әзірлеуге болады. Мысалы, асқабақ ішіне күріш, картоп, ет немесе макарон салып пісірсеңіз де дәмді әрі пайдалы.