​Ауызашарға ҚУЫРЫЛҒАН БЕСБАРМАҚ дайындауға болады

0
4 886

Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді. Ораза тұтып, 5 парыздың бірін орындайтын мұсылман қауымның сауабын алу үшін әр үй дастархан жайып, ауызашар беруге асығады.


​Ауызашарға ҚУЫРЫЛҒАН БЕСБАРМАҚ дайындауға болады

Қанымыз қазақ болғандықтан да ауызашарға міндетті түрде ет тағамын дайындаймыз. Әсіресе «қонақ келсе – құтың» деп қой сойып, ет асатынымыз белгілі. Егер ауызашарға жақын туыстарды, достарды шақырып, дәмнен ауыз тигізгіңіз келсе, ерекше әдіспен әдеттегіден өзгеше дайындалған қазақтың сүйікті асы бесбармақпен күтіп алыңыз. Бұл ретте етті қайнатпаймыз. Қуырып, өте дәмді тағамды дастарханға ұсынамыз. Қуырма бесбармақты әзірлеу рецепті төмендегідей.

Қажетті өнімдер:

  • 1 кг қойдың қабырға еті
  • 3 дана қойдың жүрегі
  • 5-6 дана қойдың бүйрегі
  • 2 стақан ұн
  • 2 дана пияз
  • 1 бума аскөк
  • Қызыл ащы бұрыш
  • Зире
  • Тұз
  • Өсімдік майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті жуып, қабырғаларды бірнеше бөліктерге бөлеміз. Әрбір қабырғада еттің болғаны дұрыс.
  2. Ал, жүректержі ортасынан бөліп, жоғарғы бөлігін тілімдеп, сосын бір жуып жібереміз. Кейіннен жүректерді 8 бөлікке бөлеміз.
  3. Бүйректің сыртындағы жұқа пленкасын алып тастап, ортасынан бөлу қажет. Содан соң тазалап жуып, салқын суға салып қоямыз. Сонда бүйректегі жағымсыз иіс кетеді.
  4. Пиязды аршып, жұқалап тураймыз.
  5. Етті қабырғалармен бірге 3 л су құйылған қазанға саламыз. Отқа қойып, қайнатамыз. Ал, сорпаның бетіне ақжелкенді турап салуға болады. Ет қайнап жатқанда қамыр илеуге кірісеміз.
  6. Ол үшін табаққа екі жұмыртқа, ұн, ¼ стақан су, тұз салып, қамыр илейміз. Қамырдың біркелкі болып шығуы үшін бірнеше қайтара илеп жіберуге болады.
  7. Енді июі қанған қамырды барынша жұқалап жайып, оны ұзыншалап кесеміз. Сосын, кішкене бөліктерге бөліп шығамыз. Қамырдың формасын қалауыңызға қарай төртбұрышты, ромбик пішінде кесуге болады. Қамырды матаның бетіне жайып, біраз кептіреміз.
  8. Ет 1 сағаттай қайнаған соң сүзіп алып қызып тұрған табаға салып қуырамыз. Ет пен жүрек қуырылып, қызара бастағанда бүйректі саламыз. Орташа отты тұз салып тағы біраз қуырамыз.
  9. Енді туралған пияздың жартысын қуырмаға салу керек. Пияз қызарған уақытта зире салып, 3-4 минут қуырамыз.
  10. Ал, ет қайнаған суға пияздың қалған жартысын салып, қамырды пісіріп аламыз.
  11. Осылайша дайындалған тағамды сыйлы қонақтарға ұсынамыз. Алдымен қуырылған етті, сосын піскен қамырды салып, бетіне майдалап туралған аскөкті себелейміз де, қонақтардың алдына тартамыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Қуырмай-ақ пісіріңіз - ТҮСКІ және КЕШКІ ас


Асқабақтан котлет жасап көрдіңіз бе?


Тауық етін маринадтаудың қанша түрін білесіз?