​Балқытылған ірімшіктен сорпа

0
2 009

Қажетті заттар: * 1 дана балқытылған ірімшік * 1 дана қызанақ * 3 дана картоп * 1 л су * 1 дана сәбіз * Аскөк талғамыңызға қарай


​Балқытылған ірімшіктен сорпа

Қажетті заттар:

* 1 дана балқытылған ірімшік

* 1 дана қызанақ

* 3 дана картоп

* 1 л су

* 1 дана сәбіз

* Аскөк талғамыңызға қарай

Дайындау тәсілі:

1.Сәбізді үккіштен өткізіп, майға қуырып алыңыз.

2.Қайнап тұрған суға ірімшікті салып ерітіңіз.

3.Бірыңғай масса пайда болғанда, орташа бөліктерге туралған картоп пен қызанақты қосыңыз.

4.Картоп дайын болғанша қайнатып, қызанақты алып, сыртқы қабығын аршып, ішкі етін шанышқымен жаншылаңыз.

5.Қайта сорпаға қосыңыз.

6.Картоп дайын болғанда сәбіз бен ұсақтап туралған аскөкті қосыңыз.

7.5-10 минут қақпағын жауып қайнатыңыз.

8.Ыдыстарға құйып, аскөкпен сәндеңіз.

Ас дәмді болсын!