Балмұздақ жасап үйрену маусымы ашық деп жарияланды

0
5 159

Жаз мезгілінде салқындаудың бір амалы – балмұздақ жеу. Балмұздақ жегенді әсіресе балалар қатты ұнатады. Сол себепті де пайдалы әрі дәмді балмұздақты өз қолымызбен жасап үйренейік!


Балмұздақ жасап үйрену маусымы ашық деп жарияланды

фото: 900igr.net

Жаз мезгілінде салқындаудың бір амалы – балмұздақ жеу. Балмұздақ жегенді әсіресе балалар қатты ұнатады. Сол себепті де пайдалы әрі дәмді балмұздақты өз қолымызбен жасап үйренейік!

Ванильді балмұздақ

Қажетті өнімдер

  • 6 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 2 стақан кілегей
  • 1 стақан сүт
  • 3-4 стақан қант
  • 1 шай ванильді сығынды
  • бір шымшым тұз

Дайындалуы тәсілі

Табаққа жұмыртқаның сары уызы мен тұзды, қантты салып, жақсылап араластыру керек. Содан соң осы массаны отқа қойып, аз-аздан сүт пен кілегей араласпасын құйып отырасыз.Отты өте жай қойған дұрыс. Соңында ванильді сығындыны қосып, оттан аласыз.

Дайын массаны сүзгіштен өткізіп, ыңғайлы ыдысқа құямыз да, суығаннан кейін мұздатқышқа саламыз. Сонда балмұздақ та дайын болады.

фото: bistrofastfood.ru

Шоколадты балмұздақ

Қажетті өнімдер

  • 500 мл кілегей
  • 140 гр. шококлад
  • 250 мл сүт
  • 5 дана жұмыртқаның сары уызы
  • Тұз
  • 20 гр. какао
  • 150 гр. қант
  • Дәміне қарай ванильді сығынды

Дайындалу тәсілі

  1. Какаоны табаққа салып, 250 мл кілегеймен араластырыңыз.
  2. Осы араласпаны отқа қойып, қозғай отара қайнауға дейін жеткізесіз.
  3. Содан соң какао араласпасын оттан алып, бірнешеге бөлінген қара шоколадты салыңыз.
  4. Шоколад барынша еріп, жақсылап араласқаннан кейін кілегейдің қалғанын құясыз.
  5. Бөлек ыдысқа сүт құйып, оған қант пен тұз және ванильді сығындыны араластырасыз.
  6. Ал жұмыртқаның сары уызын ыдыста араластырып, сүтке қосу керек. Сосын отқа қойып, қозғап тұрып қайнауға дейін жеткізіңіз.
  7. Кейіннен дайын қайнатпаны сүзгіден өткізіп, шоколадты массаға қосасыз.
  8. Дайын араласпаны мұздатқышқа салып, екі-үш сағаттан соң жей беруге болады. Дәмі тіл үйірер шоколадты балмұздақты балаларыңыз сүйсініп жейді.

фото: hostess.ru

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ