Чикен пісіре білесіз бе?

0
9 840

Қазіргі уақытта чикен өте көп сұранысқа ие тағамдардың бірі болып отыр. Дайын чикенді сатып алатын болсаңыз, бір қорабы 1600 теңге тұрады. Ал, оны үйде дайындау арқылы біріншіден, ақшаңызды үнемдесеңіз, екіншіден, отбасы мүшелері сүйсініп жейтін тағам әзірлейсіз. Чикенді дайындаудың еш қиындығы жоқ.


Чикен пісіре білесіз бе?

фото: i.ytimg.com

Қазіргі уақытта чикен өте көп сұранысқа ие тағамдардың бірі болып отыр. Дайын чикенді сатып алатын болсаңыз, бір қорабы 1600 теңге тұрады. Ал, оны үйде дайындау арқылы біріншіден, ақшаңызды үнемдесеңіз, екіншіден, отбасы мүшелері сүйсініп жейтін тағам әзірлейсіз. Чикенді дайындаудың еш қиындығы жоқ.

Қажетті өнімдер:

2 стақан сұлы үлпегі немесе кептірілген нан ұнтағы

1 шай қасық тұз

1 шай қасық бұрыш

1 шай қасық қызыл бұрыш

0,5 кг күркетауық еті

Дайындалу тәсілі:

Сұлы үлпегін барынша ұнтақтаңыз. Сөйтіп дәмдеуіштермен араластыру керек.

Күркетауық етін орташа көлемде бөлшектерге бөліп, өзіңізге ұнайтын тұздыққа (соус) салып алыңыз. Тұздықты дайындау да өте оңай.

Тұздыққа батырылған тауық етін, енді дәмдеуіштер араласпасына аунатып аласыз. Сосын қыздырылған бұқпа пеште 10 минутта дайын болады. Бірақ екі жағын бірдей пісіріп алуды ұмытпаңыз.

Тұздықты қалай дайындайды?

Керектілер:

5 тіс сарымсақ, 1 дана жұмыртқа, ½ лимон, 1 бума аскөк, 1 ас қасық зәйтүн майы, дәміне қарай тұз салынады.

Дайындау: 1.Сарымсақты аршып, майдалап турайды немесе үккіштен өткізуге де болады.

2. Жұмыртқаны көпіршітіп, аскөкті майдалап турау керек.

3. Жұмыртқаға зәйтүн майын құйып, аскөкті, сарымсақ пен лимон шырынын қосып, араластырасыз. Тұз салып, барлығын жақсылап араластыру керек. Осы тұздыққа күркетау етін батырып алсаңыз, өте дәмді чикен шығады.


Есте сақтаңыз! Етті маринадтаудың қажеті жоқ. Табаны майламай-ақ қоюға болады. Тек арнайы қағазды салсаңыз болғаны.