​Еуропалық әдіспен дайындалған таңғы ас

0
2 413


​Еуропалық әдіспен дайындалған таңғы ас

Қарапайым жұмыртқаны қуырып жеуден жалықтыңыз ба? Олай болса еуропалық әдіспен көкөністер қосып, таңғы ас дайындап көріңіз. Бұл тағамды Еуропаның көптеген елдері сүйсініп жейтін көрінеді. Ендеше сіз де қалыс қалмай, ерекше әрі дәмді жұмыртқа пісірмесін әзірлеуге кірісіңіз!

Қажетті өнімдер:

  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 дана қызанақ
  • 1 дана қайнатылған картоп
  • Азырақ шұжық
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • Ірімшік қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен қызанақтарды дөңгелектеп тураймыз. Бір порция тағамға бір дана қызанақ жетеді.
  2. Қайнатылған картопты үккіштен өткізу керек. Егер картоп ірі болса бір дана қоссаңыз болады. Ал, кішірек болса, 2-3 дана картоп қайнатасыз.
  3. Үккіштен өткізілген картопты тәрелкеге салып, бір шетке қоя тұрамыз.
  4. Табаққа 2 дана жұмыртқаны дарып салып, дәміне қарай тұз, бұрыш қосамыз.
  5. Сосын жұмыртқаны венчикпен жақсылап араластырып аламыз.
  6. Енді табаға зәйтүн майын құйып, дөңгелектеп туралған қызанақтарды орналастырамыз. Біраз қуырылған соң қызанақтардың екінші бетін аударамыз. Сәл ғана қуырып, туралған шұжықты салу керек.
  7. Оның бетіне үккіштен өткізілген картопты жайып салып, бетіне көпіршітілген жұмыртқаны құямыз.
  8. Ірімшікті үккіштен өткізіп алып, оны да себелеп саламыз. Содан соң табаның қақпағын жауып, жай отта пісіреміз. Таңғы ас 5 минутта дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жаздық СОРПАЛАР мәзірі


Жаз мезгіліне арналған өте пайдалы салаттар мәзірі