​Iрiмшiк қосылған жұқа нан

0
3 646

Небәрi 15 минутта дайын болатын iрiмшiктi жұмсақ нанды таңғы асқа пiсiруге болады. Өйткенi, оған аз ғана уақыт жұмсалады және оңай. Қажетті заттар: 1 стақан (250 мл) айран 0,5 шай қасық тұз 0,5 шай қасық қант 0,5 шай қасық ас содасы 1 стақан үккiштен өткiзiлген қатты iрiмшiк 1 стақан үккiштен өткiзiлген шұжықша немесе шұжық 2 стақан ұн


​Iрiмшiк қосылған жұқа нан

Небәрi 15 минутта дайын болатын iрiмшiктi жұмсақ нанды таңғы асқа пiсiруге болады. Өйткенi, оған аз ғана уақыт жұмсалады және оңай.

Қажетті заттар:

1 стақан (250 мл) айран

0,5 шай қасық тұз

0,5 шай қасық қант

0,5 шай қасық ас содасы

1 стақан үккiштен өткiзiлген қатты iрiмшiк

1 стақан үккiштен өткiзiлген шұжықша немесе шұжық

2 стақан ұн

Дайындау тәсілі

Айранға тұз, қант, ас содасын қосып, жақсылап араластырыңыз. Сосын үккiштен iрiмшiктi өткiзiп қосыңыз. Және ұнды салып араластырып былғаңыз. Дайын болған қамырды шағын бөлiктерге бөлiңiз. Кiшкентай көлемдегi нан етiп жайыңыз. Ортасына салманы салып, қамыр шетiн бiрiктiрiңiз. Ал, салма үшiн шұжықшаны ұсақтап турау керек.

Табадағы қызып тұрған майға салма салынған нанды салып, баяу отта екi жағын да қызартып, аударыстырып қуырыңыз.