​Кәді мен қызанақтан ерекше АДЖИКА қайнатуға болады

0
4 485

Классикалық аджикадан бір ерекшелігі – кәді қосылған ащы дәмдеуіште жұмсақтық басымырақ. Дәмі де тіл үйіреді!


​Кәді мен қызанақтан ерекше АДЖИКА қайнатуға болады

Егер кәдіден жасалған аджика сұйықтау боп кетсе, біраз қайнатып жіберіп, қоюлатуға болады. Ендеше өте дәмді әрі ерекше ащымызды дайындауға кірісейік!


Қажетті өнімдер:

  • 1 кг кәді
  • 1 дана болгар бұрышы
  • 1 дана чили бұрышы
  • 35 гр. сарымсақ
  • 0,3 стақан өсімдік майы
  • 50 мл 6%-дық сірке суы
  • 130 гр. қызанақ езбесі
  • 0,3 стақан қант
  • 1 ас қасық тұз


  1. Дайындалу тәсілі:
  2. Тәтті және ащы бұрыштарды жуып, дәндерінен тазартып алыңыз. Сосын ірілеп турайсыз.
  3. Сарымсақты да қабығынан тазартып, бұрыштармен бірге блендерге саламыз. Сарымсақ пен бұрыштар езілгенше айналдыра беру керек.
  4. Кәділерді жуып, қабығын аршисыз. Егер дәндері көп болса қасықпен алып тастаған дұрыс. Қабығы аршылған кәділерді де бірнеше бөлікке бөліп блендермен майдалау қажет.Енді мультипеш қазанына алдымен бұрыш пен сарымсақ езбесін және кәді езбесін саласыз. Томат тұздығы, өсімдік майы мен қант, тұзды салып, барлығын араластырыңыз.
  5. Қазанды пешке салып, «Бұқтырма» батырмасын басыңыз. 30 минуттай бұқтырып, артынша сірке суын қосасыз да, 10 минуттай қыздыра түсесіз. Осыдан соң мультипешті өшіріңіз.
  6. Ыстық аджиканы стерилденген банкаларға құйып, қақпағын бұрайсыз. Кейіннен банкаларды төңкеріп, сыртын майлықпен орап, суығанша күтіңіз.
  7. Горячую аджику разложить в горячие стерилизованные банки. Дайын банкаларды салқын жерде сақтайсыз.
  8. Жалпы мұндай аджиканы қазанға салып, газға қойып дайындауға да болады.