ҚЫРЫҚҚАБАТТАН ЖАСАЛҒАН тағамдар ағзаның саулығын САҚТАЙДЫ

0
4 944

Қырыққабатта вирустың ауыр түріне қарсы тұра алатын заттар бары дәлелденіп, оның кез келген түрін пайдалану ұсынылған.


ҚЫРЫҚҚАБАТТАН ЖАСАЛҒАН тағамдар ағзаның саулығын САҚТАЙДЫ


Зерттеушілердің берген мәліметінше, өте пайдалы әрі вирусқа қарсы тұра алатын өнім – қырыққабат болып шыққан.

Қырыққабатта вирустың ауыр түріне қарсы тұра алатын заттар бары дәлелденіп, оның кез келген түрін пайдалануды ұсынады. Әсіресе ашытылған қырыққабатта (квашеная капуста) ағзаның саулығын күшейтетін антиоксиданттар мол екен.


Ендеше ауыр дерттен айығу үшін қырыққабатты біз де көптеп қолдануға тырысайық. Төменде қырыққабаттан дайындалған түрлі тағамдарды ұсынамыз.


Тұтас қырыққабат тағамы


Қажетті өнімдер:

  • 1 бас қырыққабат
  • 500 гр. тартылған ет
  • 1 дана жұмыртқа
  • Өсімдік майы
  • 0,5 стақан күріш
  • 1 бума ақжелкен мен аскөк
  • 1 стақан томат тұздығы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, жалбыз
  • 2 стақан сорпа


Дайындалу тәсілі:

  1. Қазанға су құйып қайнатамыз. Су қайнаған соң қырыққабатты салып, тағы да 5-6 минуттай қайнату керек.
  2. Содан соң қырыққабатты судан сүзіп алып, оның ішкі жағына жиналған суларын сорғытуымыз қажет.
  3. Ал, қырыққабат дайын болғанша салмасын дайындай беруге болады. Ол үшін 1 дана пиязды турап, зәйтүн майына қуырамыз. Сосын қуырылған пиязға 1 стақан жуылған күрішті, майдалап туралған ақжелкен мен аскөкті салып, 3 минуттай отта ұстаймыз. Сосын отын сөндіріп, суытып қою керек.
  4. Бөлек табаққа фаршты, томат тұздығын, жұмыртқа мен бұрышты, тұзды, жалбызды салып, жақсылап араластырамыз. Фаршқа суып қалған күріш қуырмасын қосып, тағы да араластыру керек.
  5. Фаршты дайындап болғанша қайнатылған қырыққабатымыздың суы сорғып, суып та қалады. Қырыққабаттың жапырақтарын суреттегідей қалыппен ашып, ортасындағы қатты бөлігін кесіп алып тастаймыз.
  6. Содан соң қырыққабаттың ортасына фаршты дөңгелектеп қойып, әрбір жапырақтың арасына салып отырамыз. Барлық қабатына салып болғаннан кейін қырыққабатты сыртынан қолмен сыға отырып, формасына келтіреміз. Соңында доп-домалақ қырыққабат шығуы тиіс.
  7. Қырыққабаттың сыртынан фольга қағазымен орап, бірнеше жерінен пышақпен кесіп шығамыз. Осылайша дайындалған қырыққабатты формаға саламыз. 2 стақан сорпаға өзімізге ұнайтын дәмдеуіштерді қосып, қырыққабат салынған формаға құямыз. Қыздырылған пешке салсақ 40-60 минутта өте ерекше тағамымыз да дайын болады.


Пеште дайындалған брокколи пісірмесі


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. брокколи
  • 150 гр. Ірімшік
  • 50 гр. Қаймақ
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

Брокколи қырыққабатын тазалап жуып, кептіреміз. Егер брокколидің балғын түрін қолданатын болсаңыз, бір шайып жіберіп, бөле беруге болады.

Сосын брокколиді өте кішкентай бөліктерге бөлеміз. Бетіне тұз, бұрыш себелеуді ұмытпаймыз.

Пісірмеге арналған форманы майлап, оған брокколиді саламыз. Қырыққабаттың бетіне қаймақ жағып шығу керек. Сосын пешке салып, 200 градусқа қыздырылған бойда 10 минут ұстау керек.

Ірімшікті үккіштен өткізіп, брокколидің бетіне себелеп, қайтадан 5 минуттай пешке саламыз. Осы уақыт өткен соң пешті өшіріп, суығанша 10 минут пеште ұстай тұрамыз. Міне, тағамымыз да дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын!


Ашытылған қырыққабат


Қажетті өнімдер:

  • 3 кг. ақбас қырыққабат
  • 3 дана сәбіз
  • 2 ас қасық тұз
  • 1 ас қасық қант.


Дайындалу тәсілі:

  1. Қырыққабатты жұқалап әрі ұзыншалап тураймыз.
  2. Сәбізді де дәл солай турау керек. Үккіштен өткізуге де болады. Сосын қырыққабат пен сәбізді шелекке немесе кастрөлге жақсылап араластырып саламыз. 3 литрлік анкаға салсаңыз да болады.
  3. Енді тұздығын дайындап алайық. Ол үшін 2 ас қасық тұз, 1 ас қасық қантты 1 л сумен араластырып, отқа қоямыз. Қайнаған соң оттан алып, суытып қою керек.
  4. Осы тұздықты қырыққабат салынған ыдысқа құйып, қақпағын жауып, жылы жерге 3-4 күн қойып қоямыз.
  5. Күн сайын бір қозғап тұруды ұмытпаймыз. Қақпағын ашқан кезде бетінде көпіршік пайда болса қырыққабат дайын дей беріңіз.
  6. Ашытылған қырыққабатқа азырақ өсімдік майын қосып, дастарханға ұсына беруге болады.


Тез дайындалатын қырыққабат пирогы



Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. ұн
  • 50 гр. сұлы жармасы
  • 200 мл айран
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық қант
  • 1 шым-шым тұз
  • 1 шай қасық ас содасы
  • 50 мл өсімдік майы
  • Салмасына:
  • 300 гр. ақбас қырыққабат
  • 50 гр. қатты ірімшік
  • 1 дана жұмыртқа
  • Дәміне қарай тұз қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Қырыққабатты жұқалап әрі ұзыншалап турап аламыз. Сосын көбірек қайнаған су құйып, қамырын дайындаймыз. Егер қырыққабат ескі болса жартылай дайын болғанша бұқтырып қою керек.
  2. Жұмыртқа, айран мен өсімдік майын венчикпен араластырамыз. Ас содасын қосып тағы бір араластырып жібереміз.
  3. Сұлы жармасын блендермен ұнтақтап, айран мен жұмыртқа араласпасына қосамыз. Осы араласпаға ұнды, тұз бен қантты қалып, жақсылап араластырады. Қамыр қою қаймақтай болуы керек.
  4. Қырыққабаттың суын төгіп, қолымызбен қысып-қысып табаққа салып аламыз. Қырыққабатқа енді жұмыртқа, тұз, дәмдеуіштер қосып, араластырамыз.
  5. Пісірмеге арналған форманы майлап, қамырдың жартысын құямыз. Оның бетіне қырыққабатты салып, ірімшікті үккіштен өткізесіз. Сосын қалған қамырды құйып, бетін қасықпен тегістеп жібересіз. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, пирогты салыңыз. 40-45 минутта пирогымыз да дайын болады. Егер пирогтың беткі жағы күйетіндей болса, фольга қағазымен жауып қоюға болады.

Дайындаған: Майра СЕЙФУЛЛИНА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЖҮГЕРІ қайнатудың ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ 5 әдісі


Бойыңызға ҚУАТ беретін 4 сусын


Қыс мезгіліне дайынсыз ба: Қиярдан дайындалатын өте оңай "ЛЕЧО"