Қияр мен қызанақтан корей салатын жауып алыңыз

0
8 401

Қызанақ пен қияр бағасы арзандағанда мүмкіндікті пайдаланатын қыз-келіншектің барлығы науқанға жаппай кірісіп кетеді.


Қияр мен қызанақтан корей салатын жауып алыңыз

Әрине, қыста бұл салатқа қосылатын көкөністерді табу қиынға соғады. Сол себепті де қазіргідей жадыраған жаз айларында банкаларды салатпен толтырып алу керек. Әсіресе біз ұсынғалы отырған өте ерекше әрі өте дәмді салаттар мәзірін қайнататын болсаңыз, еш өкінбейсіз.


Қызанақ пен қияр қосылған балғын салат

Қажетті өнімдер:

  • 5 литр шығатын салатқа мыналарды дайындайсыз:
  • 2,5 кг қызанақ
  • 1 кг қияр
  • 1 кг болгар бұрышы
  • 700 гр. пияз
  • 800 гр. қызыл пияз
  • 1 бума ақжелкен
  • 40 гр. аскөк
  • 40 гр. насыбайгүл
  • 2 ас қасық тұз
  • 150 мл өсімдік майы
  • 5 шай қасық қант
  • 9 пайыздық сірке суы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен қызанақтарды тілімдеп турап аламыз. Ал, қиярды дөңгелектеп турау керек. Пияз бен болгар бұрышын тазалап жуып, ұзыншалап тураймыз.
  2. Сарымсақ, аскөк, ақжелкендерді майдалап турап аламыз. Сосын осы туралған көкөністердің барлығын бір ыдысқа салып, дәмдеуіштермен, өсімдік майымен араластырамыз.
  3. Бөлме температурасында салатты 1 сағаттай қалдырамыз. Осы уақыт аралығында көкөністердің шырыны шығып үлгереді. Сосын тағы бір рет араластырып жібереміз.
  4. Енді банкаларды стерилдеп, көкөністерді салып шығамыз. Түбінде қалған шырынын да банкаларға құйып шығамыз. Әрбір банкаға 1 шай қасық шекер мен 1 шай қасық сірке суын құямыз.
  5. Содан соң барлық банкаларды үлкенірек кастрөлге немесе табаққа салып, су құйып сыртынан қайнатамыз. Су қайнағаннан кейін 40-45 минут қайнаса жеткілікті.
  6. Осылайша қайнаған банкалардың аузын бұрап, қысқа сақтай бересіз. Ал, қыс мезгілінде банканың аузын ашсаңыз болғаны. Өте дәмді салат дастарханыңыздың сәнін келтіріп, дәмі тіл үйіреді.


Корейше маринадталған қызанақ салаты



Қажетті өнімдер:

  • 5 кг қызанақ
  • 2 дана ащы бұрыш
  • 8 дана тәтті болгар бұрышы
  • 4 бас сарымсақ
  • 1 бума ақжелкен
  • 250 мл
  • шарап сірке суы (винный уксус)
  • 85 гр. тұз
  • 150 гр. қант

Дайындалу тәсілі:

  1. Ірі қызанақтарды бірнеше бөлікке, ал кішілеулерін ортасынан бөлген жеткілікті.
  2. Ащы және тәтті бұрыштардың дәндерін тазалап, жуамыз да, ірілеп тураймыз.
  3. Сосын осы туралған бұрыштарды, сарымсақ пен аскөкті, тұзды еттартқыштан немесе арнайы комбайннан өткізіп, майдалап аламыз.
  4. Қызанақпен араластырып, қант пен сірке суын шамалап қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, 20-25 минут қоя тұрамыз.
  5. Тұзын көріп, банкаларды стерилдеп, көкөніс араласпасын толтырып саламыз.
  6. Толтырылған банкалардың қақпағын жай ғана жайып, кастрөлге салып сыртынан қайнатамыз.
  7. Егер банкалар 0,5 литр көлемінде болса 5-6 минут, ал, 1 л болса, 10-15 минуттай қайнатасыз.
  8. Осылайша стерилденген банкалардың қақпағын бұрап жауып, жылы орап қоямыз.


Қырыққабат пен қияр салаты

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. қырыққабат
  • 500 гр. болгар бұрышы
  • 500 гр. қызанақ
  • 500 гр. қияр
  • 250 гр. пияз
  • 250 гр. сәбіз
  • 125 гр. өсімдік майы
  • 75 мл сірке су
  • 1 ас қасық тұз
  • 60 гр. қант
  • 10 гр. ірі қара бұрыш
  • 4 дана лавр жапырағы

Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық көкөністерді тазалап жуып, кептіріңіз. Болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәнін тазартыңыз.
  2. Қырыққабатты жұқалап, ұзыншалап турайсыз. 1 ас қасық тұздың жартысын қырыққабатқа салып, қолмен мыжғылаймыз. Болгар бұрышын ортасынан бөлгеннен кейін, сол қалыпта тураған дұрыс.
  3. Балғын қиярды дөңгелектеп турап шығу керек.
  4. Қызанақтарды ортасынан бөліп, тураймыз.
  5. Енді кезек сәбіз бен пиязға келді. Пиязды ортасынан бөліп турап, сәбізді ірі үккіштен өткізесіз. Осы көкөністердің барлығын кастрөлге салып, тұз бен қант, лавар жапырағы, ірі қара бұрышты қосамыз. Өсімдік майы мен 25 мл сірке суын құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, салатты 1 сағат қойып қою керек. Арасында араластырып тұруды ұмытпаңыз.
  6. Салат дайын болғанша банкаларды стерилдей беруге болады. Осылайша әбден шырыны шыққан салатты отқа қойып қайнатамыз. Кастрөл қайнағаннан кейін қақпағын жауып 7 минут қайнатамыз. Соңында қалған сірке суын құйып, барлығын араластырамыз да, отты өшіреміз.
  7. Дайын салатты банкаларға салып, қақпағын бұраймыз да, төңкеріп қоямыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ҚАУЫН мен ҚАРБЫЗдан торт жасап көрдіңіз бе?


Айрин Тастемір: «Шоколадты құлпынай жасауды үйретіп, айына 1 миллион теңге табамын»


Жаз бойы дайындауға болады: Кәді мен фарш тағамы