Қолдан дайындалатын НУТЕЛЛАНЫҢ 7 түрлі рецепті

0
3 924


Қолдан дайындалатын НУТЕЛЛАНЫҢ 7 түрлі рецепті

Тәттіні кім жақсы көрмейді? Шоколадты майды әсіресе балалар сүйіп жейді. Бірақ дүкендерде сатылатын "Нутелланың" бағасы арзан емес. Ал, үй жағдайында өзіңіз жасайтын болсаңыз, қол жетімді болары сөзсіз. Ендеше "Нутелланың" 7 түрлі рецептін ұсынамыз!

Сүт қосылған "Нутелла"

Қажетті қоспалар:

  • 200 мл сүт
  • 100 гр. қант
  • 50 гр. сары май
  • 40 гр. жаңғақ
  • 1 ас қасық ұн
  • 1 ас қасық какао

Дәміне қарай тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Балалар жақсы көретін Нутелла майын үй жағдайында қалай жасайды? Алдымен кастрөлге құрғақ қоспаларды саласыз. Сосын аз-аздан сүтті құйып отырып, араластыру керек. Сүтті венчикпен араластырған дұрыс.
  2. Сүтті қайнатып, май мен ұнтақталған жаңғақты салыңыз. Нутелланы қоюланғанша 2-3 минуттай қайнатып, суыған соң тоңазытқышқа салып қоясыз. Сонда Нутелла да дайын болады. Нанға жағып жей бересіздер.


Жұмыртқа қосылған "Нутелла"


Қажетті қоспалар:

  • 400 мл сүт
  • 2 дана жұмыртқа
  • 300 гр. қант
  • 0,5 стақан жаңғақтар
  • 4 ас қасық ұн
  • 3 ас қасық какао
  • 2 ас қасық сары май
  • Ванилин.

Дайындалу тәсілі:

  1. Блендерге жұмыртқа мен қантты салып араластырамыз. Артынша какао, ванилин салып, араластыру керек. Содан соң сүттен азырақ құйып, ұн салып, блендерді ең төменгі жылдамдығына қойып қозғаймыз.
  2. Ұн жақсылап араласқаннан кейін ерітілген сары май мен сүттің қалғанын құйып, су буында қайнатамыз. Қайнағаннан кейін оттан алып, салқындатамыз. Майды тоңазытқышқа салуды ұмытпаймыз.


Шоколад қосылған "Нутелла"


Қажетті қоспалар:

  1. 150 гр. шоколад
  2. 150 гр. орман жаңғағы
  3. 65 гр. қант ұнтағы
  4. 20 гр. какао
  5. 1 ас қасық өсімдік майы
  6. Ванильді қант.

Дайындалу тәсілі:

  1. Блендермен жаңғақты ұнтақтап аламыз. Содан соң шоколадты су буында ерітеміз.
  2. Осылайша жаңғақ пен шоколадты дайындап алғаннан кейін барлық қоспаларды қосып, жақсылап араластыру керек. Нутелланы шоколадтың кез келген түрімен дайындауға болады. Қалағаныңызды жасап көре беріңіз!


Кілегейден де шоколадты май жасауға болады

Қажетті қоспалар:

  • 150 мл кілегей
  • 150 гр. жаңғақ
  • 130 гр. қойылтылған сүт
  • 200 гр. шоколад
  • 100 гр. қант ұнтағы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қуырылған жаңғақты блендермен ұнтақтап, дайындап аламыз. Содан соң қант ұнтағы мен кілегейді миксерлейміз. Ертілген шоколад пен қойылтылған сүтті бөлек ыдыста араластырып алу керек.
  2. Осылайша дайындалған қоспаларды енді біріктіреміз. Сонда өте дәмді әрі ерекше Нутелла шығары сөзсіз. Жасап көріңіз, өкінбейсіз.


Балдан жасалған "Нутелла"

Қажетті қоспалар:

  • 200 мл сүт
  • 100 гр. бадам және орман жаңғақтары
  • 75 гр. қара шоколад
  • 30 гр. құрғақ сүт
  • 20 гр. бал, тұз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Кофе ұнтақтағышпен немесе блендермен жаңғақтарды майдалап аламыз. Ал, шоколадты микротолқынды пешке салып, ерітіп алу керек.
  2. Сүтке бал мен тұз салып, жақсылап араластырып аламыз. Сосын отқа қойып, қайнауға дейін жеткіземіз. Осы қайнатпаға ерітілген шоколадты құясыз. Содан соң барлығын блендердегі жаңғаққа қосамыз.
  3. Блендермен араластырғанда барлық қоспалар біркелкі болғанша айналдыруды тоқтатпайсыз. Дайын болған Нутелланы суытып, кейіннен тоңазытқышқа салып қою керек.


Құрғақ сүт қосылған "Нутелла"


Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. құрғақ сүт
  • 2 ас қасық какао
  • 1 ас қасық сары май
  • Азырақ сүт қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық құрғақ қоспаларды араластырып, жұмсақ сары майды қосамыз.
  2. Осы араласпаға енді аз-аздан сүтті құйып, барынша араластырамыз. Осылайша қоюланғанша барлығын араластырып, нутелланы тоңазытқышқа салып қоямыз.


Жаңғақсыз "Нутелла"

Қажетті қоспалар:

  • 2 стақан сүт
  • 1,5 стақан қант
  • 4 ас қасық ұн
  • 4 ас қасық какао
  • 50 гр. сары май.

Дайындалу тәсілі:

Құрғақ қоспаларды сүтпен біркелкі массаға айналғанша араластырамыз. Сосын орташа отқа қойып, 10 минут араластыра отырып, қайнатамыз. Осы уақыттан кейін май қосып, тағы да араластыру керек. Сонда нутелла да дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ


15 минутта дайын болатын ЕҢ ДӘМДІ салат (видео)


Хит тағам: МАКЛЮБЕ пісіру ҚИЫН ЕМЕС