​Өте дәмді "АДЖИКА" қайнатудың 3 түрлі ТӘСІЛІ

0
13 050

Аджиканы қыс мезгілінде аңсап отырмас үшін, дәл қазір жауып алуға тырысыңыз. Ең керемет әрі ерекше рецептерін ұсынып отырмыз.


​Өте дәмді

Аджика – абхаз және грузин халықтарының өте ащы дәмдеуіші. Қазіргі таңда бұл ащыны білмейтіндер кемде-кем. Сүйіп жейтіндер де баршылық. Оның негізгі құрамы қызыл болгар бұрышы, сарымсақ, ащы бұрыш және хош иісті шөптер мен дәмдеуіштерден тұрады. Алайда, уақыт өте келе аталммыш дәмдеуіштің құрамы түрлі өзгерістерге ұшыраған. Тіпті, аджикаға көкөністер мен жемістер қосып дайындайтындар да бар екен. Дегенмен, қай түріне болмасын қызыл ащы бұрыш міндетті түрде қосылады. Ендеше, аджиканың 3 түрлі рецептімен әзірлеп көрейік!


Классикалық аджика


Қажетті өнімдер:

  • 2 кг қызанақ
  • 1 кг қызыл болгар бұрышы
  • 2 дана ащы бұрыш
  • 100 гр. сарымсақ
  • ½ стақан қант
  • 1 ас қасық тұз
  • ½ стақан өсімдік майы
  • ½ стақан 9%-дық сірке су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Көкөністерді тазалап жуамыз. Қызанақты 4-ке бөлеміз.
  2. Болгар бұырышын ортасынан бөліп, дәндерін тазарту қажет. Сосын ұзыншалап тураймыз.
  3. Ащы бұрышты да дәл солай ұзына бойы турауға болады.
  4. Сарымсақтың қабығын аршып, дайындап аламыз.
  5. Енді әр қайсысын кезек-кезек блендерге салып, майдалаймыз. Еттартқышты пайдалауға да болады.
  6. Барлығын өткізіп болған соң ыдысқа құйып, отқа қою керек. 40 минут қайнатамыз.
  7. Аджика қайнап жатқанда банкаларды зарарсыздандыра берейік.
  8. Аджика 40-50 минуттай қайнаған болса, тұз, қант, өсімдік майы мен сірке суын құйып, тағы да 5 минуттай қайнатамыз.
  9. Дайындап қойған сарымсағымызды осы уақытта саламыз. Аджиканы тағы да 5 минут қайнатып, банкаларға құямыз. Енді қақпағын бұрай беруге болады.


Алма мен сәбіз қосылған аджика


Қажетті өнімдер:

  • 1,5 кг қызанақ
  • 1 кг қызыл болгар бұрышы
  • ½ кг алма
  • ½ кг сәбіз
  • 150 гр. ащы бұрыш
  • 250 гр. сарымсақ
  • ½ стақан қант
  • 1 ас қасық тұз
  • 150 мл өсімдік майы
  • ½ стақан 9%-дық сірке су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Көкөністерді еттартқыштан өткізетіндіктен алдын-ала дәндерін тазартып, тазалап жуып аламыз.
  2. Алмалардың қабығын аршып, оның да дәнін, ортасындағы қатты бөліктерін кесіп алып тастау керек. Болгар бұрышы мен сарымсақты да тазалап, жуып аламыз.
  3. Енді барлығын еттартқыштан өткіземіз. Ащы қызыл бұрыштың дәндерін алудың қажеті жоқ.
  4. Алманы, сәбіз бен бұрыштарды еттартқыштан өткізілген қоймалжыңды, өсімдік майын кастрөлге құйып, қайнатамыз. Үнемі қозғап отырып, 30 минут қайнатқан дұрыс.
  5. Осы уақытта қызанақтарды еттартқыштан өткізіп, оны да қайнатпаға құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, тағы да 30 минуттай қанатамыз. Кастрөлдің түбіне жабыспас үшін, қозғап отыруды ұмытпау керек.
  6. Осыдан соң аджикаға тұз, қант пен езілген сарымсақты қосып, ең соңында сірке суын құямыз. Сонда аджика да дайын болады. Дайын аджиканы зарарсыздандырылған банкаларға құйып, қақпағын бұраған соң, сыртынан жылы орап қоямыз.


Грузин әдісімен дайындалған аджика


Қажетті өнімдер:

  • 1 кг қызанақ
  • 1 кг болгар бұрышы
  • 2 дана ащы бұрыш
  • 100 гр. сарымсақ
  • 1 ас қасық тұз
  • Дәмдеуіштер:
  • 1 шай қасық хмели-сунели
  • 1 шай қасық куркума
  • Сірке суы

Дайындалу тәсілі:

  1. Қызанақ пен бұрышты турап, еттартқыштан өткіземіз. Сарымсақты да аршып, қосып өткізіп жіберуге болады.
  2. Сосын жақсылап араластырып, дәмдеуіштерді, тұзды салып, азырақ сірке суын құю қажет.
  3. Осылайша дайындалған аджиканы енді бір апта сақтауымызға тура келеді. Ол үшін ыдысымен бөлме температурасында ұстап, күніне 2-3 рет қозғайсыз. Жеті күннен соң аджиканы таза банкаларға құйып, жауып ала беруге болады.
  4. Грузинше аджикамызды қайнатпай-ақ, дайындау әдісі осылай.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


5 минутта ПІСЕТІН түрлі-түсті ТҰШПАРА


Асқабақ қосылған ДӘМДІ пісірмелер


Балаңыз МЕКТЕПТЕ не жеп жүр? Мына 5 түрлі ЖҮРЕКЖАЛҒАРды дайындап бере аласыз