​5 минутта ПІСЕТІН түрлі-түсті ТҰШПАРА

0
4 665

Сізге де дайындап көруді ұсынамын


​5 минутта ПІСЕТІН түрлі-түсті ТҰШПАРА

Шынымды айтсам тағамның рецептімен танысқан кезде жасауға аздап қиналдым. Бірақ балаларды қуанту үшін еткен еңбегім еш кетпеді. Ерекше әрі көзтартарлық тағамды дастарханға әкелген кезде тамақ жеуге қыңырланатын кішкентайлардың өзі таласа-тармаса тауысып қойды. Дәмін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мың рет естігенше бір рет дәмін татқаныңыз жөн болар.


Керектілер:

  • 2/3 стақан ұн
  • татымына қарай тұз
  • 3 ас қасық көкөніс шырыны
  • 1 дана жұмыртқа
  • 10 гр. өсімдік майы

Салма үшін:

  • 60 мл су
  • 1 бас пияз
  • тұз бен бұрыш
  • 1 келі фарш


Дайындалу тәсілі:

Әдеттегідей алдымен қамырды дайындап аламыз. Түрлі-түсті қамыр илеу үшін бізге сәбіз, саумалдық, қырыққабат, қызылша немесе қызанақ шырындары керек. Біз үйде бар көкөністі (саумалдық, куркума, қызылша) қолданамыз.


1. САУМАЛДЫҚТЫҢ 2-3 жапырағын кеңдеу ыдысқа саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, 5-10 минуттай бетін жауып қоясыз. Көкөніс жұмсарған кезде блендермен езесіз. Дайын болған шырынды стақанға құйып қоясыз.


2. КУРКУМА ұнтағын да кеңдеу ыдысқа салып, үстіне қайнаған су құясыз. Сұйықтықты жақсылап араластырып алып, тұндырып қойыңыз. Оған 1:1 көлемде қызанақ езбесін қосуға болады.


3. ҚЫЗЫЛША шырынын да дайындап алып, ыдысқа құясыз.

Дайын болған сұйықтыққа қажетті мөлшерде тұз, ұн, май мен жұмыртқа қосып, қамыр илеңіз. Иленген қамырды кленкамен орап қоюға болады.

Қамырдың июі қанғанша салманы әзірлеп қойыңыз. Қажеттілердің бәрін ыдысқа салып, мұқият араластыру керек. Сосын қамырды кезек-кезек жайып, тұшпараны түйесіз.

Түрлі-түсті тұшпараны қайнап тұрған сорпаға салып, 5 минут қайнатасыз. Көз тартарлық әсем тағамды дастарханға ұсынуға болады. Асыңыз дәмді болсын!

дереккөз: syl.ru


Л.АХМЕТОВА,


Тағы оқыңыз: