Пирогтың ДӘМДІ болуы ішіндегі САЛМАСЫНА байланысты

0
3 569

Мұндай дәмді тағамды Сіз бұрын жеп көрмегенсіз.


Пирогтың ДӘМДІ болуы ішіндегі САЛМАСЫНА байланысты

Заманауи аспаздар тағамның түр-түрін ойлап табуда. Етті бәліштерді де етпен, көкөністермен, жармалармен әзірлеудің жолдары өте көп. Бүгінгі мәзірде ерекше әрі дәмді пирогтарды ұсынатын боламыз. Дайындауға асығыңыз!


Күріш пен жұмыртқа қосылған дәмді пирог

Қажетті өнімдер:

  • Қамырға: 100 гр. ұн
  • 50 гр. сары май
  • 100 мл кефир
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • 1 шым-шым тұз
  • Салмасына: 30 гр. күріш
  • 2 дана жұмыртқа
  • 30 гр. көкпияз
  • Дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Айранды бөлме температурасына дейін жылытасыз. Ол үшін айранды ертерек тоңазытқыштан шығарып қою керек.
  2. Күрішті бірнеше рет жуып, қайнаған суға саласыз. Осылайша дайын болғанша отқа қойып қайнатасыз. Піскен күрішті дуршлагқа салып, сосын табаққа ударып, суытып қоясыз.
  3. Жұмыртқаны да қайнатып, піскен соң салқын суға саласыз. Суыған жұмыртқаның қабығын аршып, текшелеп турау керек.
  4. Көк пиязды жуып, кепкен соң майдалап тураңыз. Табаққа күрішті, жұмыртқа мен көк пиязды салып, тұз, қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пирогтың салмасы дайын.
  5. Енді қамырын дайындау керек. Табаққа 1 дана жұмыртқа мен 1 шым-шым тұз салып, араластырасыз. Сары майды ерітіп, суыған соң осы араласпаға айранды құйыңыз. Барлығын венчикпен араластырып, біркелкі массаға келтіресіз.
  6. Ұнды қамыр қопсытқышпен араластырып, айран араласпасына салып, құймақтың қамырындай болғанша қосып отырамыз.
  7. Формаға пергамент қағазын салып, қамырдың жартысын құйыңыз. Сосын қамырдың бетіне салманы жайып саласыз. Кейіннен қамырдың қалғанын құйып, пирогты 180 градусқа қыздырылған пеште 35 минуттай пісіреміз. Осы уақыт аралығында пирог та дайын болады.


Қатпарлы қамырдан дайындалған пирог


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. дайын қатпарлы қамыр
  • 400 гр. қырыққабат
  • 6 дана жұмыртқа
  • 1 бума көк пияз

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен пирогтың салмасын дайындап алуымыз керек. Ол үшін қырыққабатты майдалап турап, жұмыртқаны қайнатып аламыз. Қайнаған жұмыртқаны суытып, майдалап турап, қырыққабатпен араластыру керек. Егер салма тым сулы болып кетсе, қырыққабаттың суын сығып тастауға болады.
  2. Енді қамырды жайып, оны ұзыншалап кесіп шығамыз. Суреттегідей қалыпта болса болғаны. Содан соң қамырға ұзына бойы салма салып, бір-біріне жабыстырамыз.
  3. Пирогты жинау ғана қалды. Ол үшін әрбір түйілген шұжыққа ұқсас қамырларды формаға салып, біріктіруіміз керек. Сонда өте әдемі дөп-дөңгелек пирог шығады.
  4. Пешті 200 градусқа дейін қыздырып, 35-40 минут бойы пирогты пісіреміз. Міне, пирогымыз да дайын!


Балық салмасынан дайындалған пирог


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. дайын қатпарлы қамыр
  • 150 гр. консервіленген тунец
  • 50 гр. күріш
  • 2 дана жұмыртқа
  • Көк пияз, аскөк
  • 20 гр. сары май
  • 3 ас қасық майонез
  • Дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Күрішті қайнатып, суытып қою керек. Жұмыртқаны да қайнатып, қабығын аршу керек. Ал, қатпарлы қамырды мұздатқыштан шығарып, жұмсатып қоюды ұмытпаймыз.
  2. Шұңғыл табаққа қайнатылған күріш пен қайнатылған жұмыртқаны, майдалап туралған көк пиязды, аскөкті турап, жақсылап араластырамыз. Тунец балығын шанышқымен езіп салу керек.
  3. Барлығын араластырып, тұз, бұрыш саламыз.
  4. Салма тым құрғақ болмас үшін қаймақ немесе майонез қосуға болады.
  5. Пісірмеге арналған форманы майлап, жайылған қамырды саламыз. Қамырға салманы салып, сары май қосып жіберуге болады.
  6. Қамырдың қалғанын жайып, оны ұзынынан кесіп шығамыз да, пирогтың бетіне қойып шығамыз. Содан соң 180 градусқа қыздырылған пеште 25-30 минутта пирог та пісіп шығады.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Татарша "АЗУ" тағамын қалай дайындайды?


Таңғы асқа құймақтың орнына тәтті пирог пісіріңіз