​Сәресі асына пайдалы 5 тағам

0
10 528

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) бір хадисінде: «Сәресіге тұрыңыздар. Себебі, біздің оразамыз бен кітап иелерінің (яһудилер мен христиандар) оразасының айырмашылығы – сәресі ішу» - деген.


​Сәресі асына пайдалы 5 тағам

Рамазан айында әрбір ораза ұстаған жан кешкі ауызашар уақытын асыға күтеді. Кешкі асқа түрлі дәмді тағамдар дайындап, қонақтарды шақыруға асығады. Алайда, сәресі асына көбінесе онша мән беріле бермейді. Бірақ күні бойы аштық пен шөлге шыдау үшін сәресі асының маңызды екені белгілі. 15-16 сағат бойы нәр татпай жүруге күш-қуат беретін тағамдар бар. Дәл сол тағамдармен сәресі асын ішер болсақ, ораза кезінде қиналмайтын боламыз.

Ендеше өте пайдалы 5 тағамға тоқталып, жасалу әдісін де ұсынатын боламыз.


Кептірілген жемістермен дайындалған сұлы ботқасы


Сұлыда асқазанның дұрыс жұмыс істеуіне пайдалы ақуыздар, көмірсулар мен майлар жеткілікті. Оның құрамы 60% крахмалдан, 10-18% ақуыздан және 5-8% майлардан тұрады.

Сұлы ботқасы сумен де, сүтпен де пісіруге болады. Бірақ сүтке піскен сұлы қарынның ашуына ұзақ уақыт бойы жол бермейді.


Қажетті өнімдер

  • 1 стақан сұлы жармасы
  • 2 стақан сүт
  • 1 шымшым тұз
  • 1 ас қасық қант
  • 50 гр. сары май


Дайындалу тәсілі

  1. Сүтті ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Жай отта сүтті қайнатып, сұлыны салып, жақсылап араластырамыз. Ботқаны 15-20 минуттай үнемі қозғай отырып қайнатамыз.
  2. Осыдан соң ыдысты оттан алып, 5 минут қақпағын жауып қоя тұрамыз. Кейіннен ботқаға сары майды қосып, тағы да 5 минут қақпағын жауып қойып қою керек.
  3. Ботқа дайын болғанша кептірілген жемістерді қайнаған суға салып, біраз булап қоямыз. Сосын ботқаға қосып, араластырамыз. Ең дәмді сәресі асы да дайын!


Макарон мен ірімшік қосылған пісірме


Қажетті өнімдер

  • 500 гр. тұтас дәнді ұннан жасалған макарон (цельнозерновой)
  • 400 гр. брокколи
  • 150 гр. ірімшік
  • 50 мл зәйтүн майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосуға болады


Дайындалу тәсілі

  1. Макаронды қайнатып, сүзіп аламыз да, зәйтүн майын құямыз. Макаронмен қатар брокколиді де бөлек ыдысқа салып қайнату керек. Содан соң қырыққабатты табаққа салып, 2-3 бөлікке бөлеміз де ыстық макаронмен араластырамыз.
  2. Осы араласпаның бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз. Ірімшік балқығанша араластырып, дәміне қарай тұз, бұрыш салып, жей беруге болады.


Көкөністер қосылған дәмді жұмыртқа пісірмесі


Қажетті өнімдер

  • 4 дана жұмыртқа
  • 1 дана кішірек баялды
  • 1 дана болгар бұрышы
  • 1 дана пияз
  • 3 дана қызанақ
  • 1 тіс сарымсақ
  • Аскөк пен теңіз тұзы, қара бұрыш
  • Өсімдік майы


Дайындалу тәсілі

  1. Ең алдымен көкөністер мен аскөкті жуып аламыз. Сосын барлығын майдалап тураймыз. Ал, қызанақтарды ыстық суға салып алып, қабығын аршимыз.
  2. Табаны отқа қойып, азырақ өсімдік майын құямыз. Май қызған соң пиязды салып қуырамыз. Артынша баялдыны, болгар бұрышы мен қызанақты салып, 7 минуттай қуырамыз.
  3. Көкөністер жұмсарған уақытта тұз, бұрыш және жұмыртқаны салу керек. Тағамды жұмыртқа піскенше оттан алмаймыз.



Жүгері ботқасы


Өте пайдалы жүгері ботқасының дайындалуына біраз уақыт кетеді. Жүгеріні қайнату барысында ыдысқа жабысып қалмас үшін үнемі қозғап отыруға тура келеді. Бірақ та мынадай қарапайым әдіспен жүгеріні оңай пісіре аласыз.

Ботқаға қажетті судың жартысын қазанға құйып, су қайнаған соң тұз бен жүгері жармасын саламыз. Өте қою ботқаны араластыра отырып пісіреміз. Ботқа біркелкі қалыпқа келгенде қалған суды құйып, бір қайнатып жібереміз.

Қайнап шыққан жүгеріге енді сары май салып, тағы да 15 минут қақпағын жауып қоямыз.

Жүгері ботқасын мультиепште дайындауға да болады. Ол үшін жүгері жармасын жуып, мультипеш қазанына саламыз. Салқын су құйып, «Жарма» батырмасын басамыз. Сонда пешіміз автоматты түрде 25 минутқа қойылады. Егер жүгерінің барынша жұмсақ боп піскенін қаласаңыз, ары қарай «Мультиповар» батырмасын басып, пешті 150 градусқа қойсаңыз болғаны.



Үйеңкі шырыны қосылған құймақтар


Қажетті өнімдер

  • 1 стақан сұлы жармасы
  • 1 стақан кефир
  • 2 дана жұмыртқа
  • Үйеңкі шырыны.


Дайындалу тәсілі

  1. Мұндай құймақты дайындау үшін сұлы жармасын ұн сияқты ұнтақтап алуымыз керек. Содан соң сұлы ұнына айран мен жұмыртқаны салып, жақсылап араластырамыз.
  2. Барлығы біркелкі қалыпқа келгенше араластырып, қызып тұрған табаға майсыз қуырамыз. Пісіп шыққан құймақтардың бетіне үйеңкі шырынын құямыз. Үйеңкі шырыны минералдар мен пайдалы антиоксиданттарға бай.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


1 литр сүттен 1 литр йогуртты қалай дайындайды?


Хит тағам: «Сигара бөрек»

Ерекше ТӘТТІ десерт: Қуырылған СҮТТЕН жасалады