​Ерекше ТӘТТІ десерт: Қуырылған СҮТТЕН жасалады

0
4 850

Испан әдісімен жасалатын тәтті десерт торттан да дәмді болады.


​Ерекше ТӘТТІ десерт: Қуырылған СҮТТЕН жасалады

Мұндай тәттіні пісіруге көп уақыт кетпейді. Үйде отырған әрбір ана дәл қазіргі уақытта бала-шағаның сүйікті тағамын, тәтті торттарын әзірлеп, бар қамын жасауға тырысып жүр деп ойлаймыз. Дегенмен, сүт қосылған десерт көптеген торттардан дәмдірек болары сөзсіз. Ерекше тәтті пісіргіңіз келсе осы рецептті пайдаланып көріңіз.


Қажетті өнімдер:

  • 1 л сүт
  • 120 гр. ұн
  • 2 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 50 гр. қант
  • Шым-шым тұз
  • 1 дана даршын
  • 1 дана лимон қабығы
  • Тәттіні аунату үшін де ұн мен жұмыртқа қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен 800 мл сүтті ыдысқа құйып аламыз. Лимон қабығын ақ жеріне дейін бүтін қалпында майда үккіштен өткіземіз. Сөйтіп осы лимон қабығы мен даршынды сүтке салып, отқа қоямыз. Арасында қозғап отыруды ұмытпау керек.
  2. Енді електен өткізілген ұнды табаққа салып, оған қалған салқын сүтті аз-аздан құя отырып бұлғауышпен араластырамыз. Ұнды араластыру барысында ешқандай түйіршік қалмауы тиіс. Сосын осы табаққа қант пен ванильді қантты, 2 дана сары уызды, шым-шым тұзды салып, біркелкі болғанша араластыру керек.
  3. Отта тұрған сүтті алып, ұн салынған табаға азырақ құямыз. Сосын тез-тез араластырып алу керек. Артынша қалған сүттің бәрін құйып, жақсылап араластырамыз. Сүтті қайтадан ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Жай отта сүтті үнемі қозғай отырып, қоюланғанша ұстаймыз.
  4. Пісірмеге арналған формаға асханалық пленканы салып, қоюланған сүтті құямыз да, пленканың жан-жағымен бетін жабамыз. Бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа салып қоямыз.
  5. 2 сағаттан кейін салқындаған әрі бір қалыпқа келген қамырды тоңазытқыштан алып, ұн себілген тақтайдың үстіне аударамыз. Сөйтіп 16 бөлікке бөліп кесеміз. Барлық жерін ұнға аунатамыз. Содан соң 2 жұмыртқаны жарып, араластырамыз да, енді ұнға аунатылған тәттіні жұмыртқаға салып алып, қайтадан ұнға аунатып, майға салып қуырамыз. Осылайша Барлық тәттілерді ұн мен жұмыртқаға аунатып, майға қуырып ала береміз. Сонда тәттілер де дайын болады.
  6. Пісіп шыққан тәттілерді ұнтақталған даршын мен қант араласпасына аунатып, тәрелкелерге салыңыз да, дастарханға ұсыныңыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Үйде ҚАРАҚҰМЫҚ таусылды ма? Орнын КҮРІШ пен АРПА алмастыра алады


ӘЛСІРЕГЕН ағзаға қуат беретін АСҚАБАҚ пісірмелері


1 литр сүттен 1 литр қаймақ дайындауға болады