Сары самаурынның шәйімен ішетін пирог

0
3 465

Пирог пісіру соншалықты қиын жұмыс емес. Әсіресе бүгінгі дайындайтын пирогты лезде пісіре салуға болады. Қолыңызда тек 1 дана лимон болса болғаны. Сары самаурынның шәйімен рахаттана отырып ішетін нәзік пирог болмақ.


Сары самаурынның шәйімен ішетін пирог

фото: aqua-mechanica.ru

Пирог пісіру соншалықты қиын жұмыс емес. Әсіресе бүгінгі дайындайтын пирогты лезде пісіре салуға болады. Қолыңызда тек 1 дана лимон болса болғаны. Сары самаурынның шәйімен рахаттана отырып ішетін нәзік пирог болмақ.

Қажетті өнімдер

  • 150 гр. ұн
  • 100 гр. қант
  • 3 дана жұмыртқа
  • 40 гр. сары май
  • 5 ас қасық сүт
  • Жарты лимонның шырыны
  • Жарты лимонның қабығы
  • Шым-шым тұз
  • Ванилин
  • Қант ұнтағы

фото: kalendar-prazdnikov.ru

Дайындалу тәсілі

  1. Ұнды електен өткізіп, оған үккіштен өткізілген лимон қабығын және тұзды қосып, жақсылап араластырамыз да бір шетке қоя тұрамыз.
  2. Содан соң стақанға сүтті құйып, лимон шырыны мен ванилинді салып араластырамыз. Сонда лимон қосылған сүт пайда болады.
  3. Ал, қант пен сары майда бөлек ыдысқа салып, миксермен араластырып алыңыз.
  4. Жақсылап араласқан қант пен майға алдымен жұмыртқаны салып, араластырып алу керек. Кейіннен лимонды сүтті құясыз.
  5. Соңында ұнды салып, миксермен ждақсылап араластырған дұрыс.
  6. Табаны қыздырып, майлайсыз да, қамырды құйып, пирогты пісіріп ала бересіз.
  7. Дайын пирогтың бетіне қант ұнтағын себелейсіз де, балаларға кесіп бере бересіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ