​Шай демдегенде жіберетін 5 қателік

0
9 482

Шайды дұрыс демдеп жүрсіз бе? Егер «иә» деп жауап берген болсаңыз, қатты қателесесіз.


​Шай демдегенде жіберетін 5 қателік

Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?

Шындығында қара немесе көк шайды демдеудің өз сыры бар. Ендеше өзіңіздің қандай қателік жіберіп жүргеніңізді және денсаулыққа пайдалы шайды қалай демдеу керектігін білгіңіз келсе, төмендегі тәсілдерге көз жүгіртіңіз.


1-қателік – құбырдағы суды пайдалану


Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?

Күнделікті ішуге құбырдан алынған суды пайдаланған дұрыс па әлде сүзілген суды ма? Көбіміз сүзгіден өткен суды таңдайтынымыз белгілі. Бұл дұрыс таңдау.

Сол себепті де дәмді шай ішкіңіз келсе де, ең дұрысы сүзілген су болмақ. Алайда, соған қарамастан құбырдағы суды пайдаланатындар да аз емес көрінеді.


2-қателік – шай қалтаны ары-бері қозғау


Бұл қателікті көпдеген адамдар жасайды. Шай қалташасын шайнекке немесе шыны ыдысқа салғаннан кейін міндетті түрде оны арнайы жібінен ұстап қозғалтамыз. Сонда шай дәмдірек бола түседі деп ойлаймыз-ау!

Шай қалташасын осылай қозғаған уақытта оның дұрыс демделуіне және судың құрамына пайдалы заттардың таралуына кедергі келтіреді екенбіз. Ең дұрысы шайды салғаннан кейін 10 минут қозғамау керек. Қораптағы шайды да дәл осылай демдейсіз.


3-қателік – шай жапырақтарын мыжғылау


Шайды демдемес бұрын оның нұсқаулығымен мұқият танысып шығыңыз. Ол жерде шай құрамындағы заттар қандай температурада, қалай демделетіні анық көрсетіліп, жазылады.

Әр шайдың құрамы мен жапырақтары әртүрлі болғандықтан, термиялық өңдеуді де соған сай жасауды талап етеді. Сондықтан шайдың сапасын төмендетіп алғыңыз келмесе, дұрыс демдеуге тырысыңыз.


4-қателік – қанша шай салу керектігін білмеу


Тағы да оқыңыз: Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?

Шай пайдалы болу үшін оның мөлшері құйылған сумен теңестірілуі керек. Құрғақ шайды аз салып, суын көбірек құюға болмайды. Мұндайда шайдың пайдалы заттары азаяды.

Керісінше шайды көбірек салып, суды аз құю да үлкен қателік. Бұл жағдайда шай тым қоюланып, ағзаға зияны тиюі мүмкін. Кейбір жапырақ шайларды көп мөлшерде қолданғаннан кейін кері әсері тимесін десеңіз, абай болғаныңыз жөн!


5-қателік – суды екінші рет қайнату


Су қайнаған уақытта оның құрамында кислород азаяды. Ал, екінші рет қайнаған суда, тіпті, азайып, мүлде қалмауы да ғажап емес. Бұл шайдың дәмін бұзып, сапасын төмендетеді.

Дереккөз: volshebnaya-eda.ru

Дайындаған: Қ.ӘТИ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Балнұр Байкозова, аспаз: «Қазақша самсаны ойлап шығарып, бүкіл елге танытқым келеді»


Өте дәмді "АДЖИКА" қайнатудың 3 түрлі ТӘСІЛІ


5 минутта ПІСЕТІН түрлі-түсті ТҰШПАРА