​Шоққа піскен картоп. Табиғат аясында картоптан кәуап жасап жегенге не жетсін!

0
4 025

Картопты мангалда пісіріп көрдіңіз бе? Егер, білгіңіз келсе, төмендегі ас мәзіріне көз жүгіртіңіз.


​Шоққа піскен картоп. Табиғат аясында картоптан кәуап жасап жегенге не жетсін!

Мангалда піскен картоптың дәміне ештеңе жетпейді. Табиғатқа демалуға шыққанда мұндай кәуапты дайындау да қиын емес. Тек қолыңызда картоп пен отын болса болғаны.

Қажетті өнімдер:

  • 1-2 келі картоп
  • Азырақ құйрық май
  • Қара бұрыш, тұз.
  • Фольга қағазы.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Дайындалуы:

  1. Картопты аршып, тазалап жуамыз. Содан соң дөңгелектеп турап, дайындаймыз.
  2. Қойдың құйрығын да жұқа әрі дөңгелек пішінде турау керек.
  3. Картоп пен қойдың құйрығын тұз, бұрыш салып, араластырамыз.
  4. Сосын кәуапқа арналған шампурға алдымен картопты тіземіз, арасына қойдың құйрығын қалағанымызша қоса береміз.
  5. Енді дайын картоптың сыртынан фольга қағазымен ораймыз да, мангалдың үстіне шоққа қоямыз. 20-30 минут айналдырып отырып, пісіре бастаймыз.
  6. Кейіннен фольга қағазды алып тастап, картопты қайтадан шоққа қойып, 5-10 минут пісіреміз. Сонда картоп қып-қызыл болып піседі. Мұны әсіресе балалар сүйіп жейді.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Газды сусынды үйде де дайындауға болады

Ауызашарға ҚУЫРЫЛҒАН БЕСБАРМАҚ дайындауға болады