Сіз үшін ​НАУРЫЗ КӨЖЕ пісіріп береді

0
2 869

Наурыз айы жыл басы, Наурыз көже ел асы... – дегендей Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Бұл мерекеде әрбір отбасы, тіпті, көрші-қолың, ел болып жиналып жеті азықтық заттардан наурыз көже дайындап, берекелі дастархан жаяды.


Сіз үшін ​НАУРЫЗ КӨЖЕ пісіріп береді

Наурыз көже – көктемгі әлсіздіктен арылтып, бойыңызға күш-қуат береді. Оның құрамына қосылған сүрленген ет пен қазы, тары мен бидай, жүгері басқа да қоспалар өте пайдалы дәрумендер мен минералды заттардан тұрады.

Наурыз көже дайындаудың қыр-сырын меңгерген жандар да аз емес.


Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде наурыз көжені тапсырыспен әзірлеп, үйіңізге дейін жеткізіп беру қызметі бар. Осы іспен көптен бері айналысып келе жатқан іскер әрі он саусағынан өнер тамған Шымкент қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, 7 баланың анасы Мадина Жүсіпханқызымен әңгімелескен болатынбыз.

- Кішкентай күнімнен ас әзірлеуге әуес едім. Әжемнің қасынан шықпай, ол қандай тамақ әзірлесе де көмектесуге дайын тұратынмын. Сол құмарлықтың, қызығушылықтың нәтижесі болар, қазіргі таңда жеке кәсіппен айналысып отырмын. Негізгі мамандығым тарих пәнінің мұғалімі. Бұл салада 11 жыл қызмет етіп, денсаулығыма байланысты шығып қалдым. Содан үйде отырған әйел тыныш жата алмайды ғой. Үнемі кәсіптің қай түрімен айналыссам екен деген ой маза бермеді. Тіпті, басқа кәсіптермен де шұғылданып көрдім. Соңында ас әзірлеу жаныма жақын болғандықтан шығар, тамақ жағын таңдадым.


Ас әзірлеу әйелдің ісі болғанмен, оны кәсіпке айналдыру оңай шаруа емес екен. Басында менің клиенттерім таныстарым, көршілерім, туыстарым болды. Сол кісілер жақсы қабылдап, менің пісірген әрбір тағамымды, бауырсақ, тұшпарамды мақтап, төбемді көкке жеткізетін. Содан бірнеше бизнес мектептерден сабақ алып, білімімді жетілдіріп, екі жыл бұрын кәсібімді дөңгелете бастадым. Бірақ наурыз көже қайнатуды осы жылы қолға алдым. Кеше ғана 150 л наурыз көжеге тапсырыс алып, ойдағыдай етіп жеткізіп бердік. Әр адамның өз ұстанымы болады. Сол секілді менің де ұстанымдарым бар. Мысалы, тағам әзірлегенде бар махаббатыммен, халал азықтармен дайындаймын. Даладағы қара қазанымды отқа қойып, дәмді етіп пісіргенді жақсы көремін.

Наурыз көже дайындаудың қиындығы жоқ. Сүрленген ет пен қазы болса көже өте дәмді болып шығады. Содан соң жеті түрлі дән қосып қайнатамын. Кейбіреулер құрт, айран, қаймақ қосып жатады. Мен көжеге сүзбе қосамын. Сүзбе қосылған көже ерекше әрі дәмді болары сөзсіз. Осы уақытқа дейін клиенттерімнен теріс пікір естіген емеспін. Барлығы рахметін айтып, алғыстарын білдіріп жатады.

Наурыз көжеден бөлек, бауырсақ, тұшпара, қаттама, майсөк, жент, әсіптің бірнеше түрін дәмді етіп пісіреміз.

Наурыз көженің 1 литрін - 1200 теңге деп бағалап отырмыз. Инстаграм парақшамыз - @balday_barmaq деп аталады.

Тапсырыс беремін десеңіздер, біз әрқашанда көңілдеріңізден шығуға дайынбыз!

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тапсырыс беру үшін: 87002556098, 87781005275

Алматы қаласы бойынша тапсырыс беру үшін: 87471704058

Шымкент қаласы бойынша тапсырыс беру үшін: 87756871882

Әңгімелескен: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Үйде дайындалатын МАЙОНЕЗДІҢ 5 түрлі рецепті


ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕР қосылған ҚҰЙМАҚТАР