​Сүзбе қосылған ерекше 3 нан мәзірі

0
3 639


​Сүзбе қосылған ерекше 3 нан мәзірі

Сүзбе ақуызға бай пайдалы тағамдардың бірі. Оны балалар да, ересектер де сүйіп жейді. Ал, сүзбе қосып дайындалған күлшелердің зиянды болуы мүмкін емес.


Сүзбе бен қаймақтан өте жұмсақ бөлішке

Қажетті қоспалар:

  • 2 дана тауық жұмыртқасы
  • 3 ас қасық қант
  • Шым-шым тұз
  • 10 гр. ванильді қант
  • 15 гр. қамыр қопсытқыш
  • 2 ас қасық сүт
  • 250 гр. ұн
  • 250 гр. жұмсақ сүзбе

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа сүзбе, жұмыртқа, қант, ванильді қант пен тұз салып, венчикпен барлығын араластырамыз. Ұнды електен өткізіп, қамыр қопсытқышпен араластырып, жұмсақ қамыр илеу керек.
  2. Табаға пергамент қағазын салып, май жағамыз. Қолымызды сулап, дайын қамырдан дөңгелек бөлішкелер жасап, табаға қойып шығамыз.
  3. 180 градусқа қыздырылған пеште бөлішкелер 15 минутта дайын болады.
  4. Піскен бөлішкелерді табадан алып, бетіне сүт жағып, қант немесе қант ұнтағын себелеуге болады.


Сүзбе салынған нан


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. сүзбе
  • 400 гр. ұн
  • 230 мл су
  • 100 гр. аскөк
  • 1 дана жұмыртқа
  • Өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ұнды електен өткізіп, табаққа салыңыз. Содан соң ұнның ортасынан шұңғыл жасап, осы шұңғылшаға жылы су мен 2 ас қасық өсімдік майын құйыңыз. Тұз қосып, жұмсақ қамыр илейсіз. Сосын пакетке орап, 30 минуттай қойып қоясыз.
  2. Осы уақыт аралығында ішіне салатын салмасын дайындай берсеңіз болады. ОЛ үшін сүзбе, жұмыртқа, майдалап туралған аскөкті араластырыңыз.
  3. Қамырды бірнеше бөлікке бөліп, жұқалап жаю керек. Содан соң ортасына сүзбені жайып салып, жан-жағын ортасына әкеп біріктіріп, нан сияқты дөңгелек қалыпқа келтіресіз.
  4. Табаға май құйып, жұқа нанды 4 минуттай пісіресіз. Екінші бетін аударып, қызарғанша отта ұстайсыз.


Сүзбе қосылған дәмді кекс


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. сүзбе
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 2 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық сары май
  • 1 стақан ұн
  • 1 стақан қант
  • 0,5 шай қасық ас содасы

Дайындалу тәсілі:

  1. Сары майды ерітіп алып, ас содасын және басқа да қоспаларды қосамыз. Осы қамырдан үлкен бір кекс жасауға немесе кішірек кекстің қалыптарына салып, пісірсеңіз де болады. Ол жағын әркімнің қалауы біледі.
  2. Аталмыш кекске мейіз қосып қоссаңыз да дәмі кіре түседі.


Сүзбе қосылған томпақ күлшелер


Қажетті қоспалар:

  • 250 гр. сүзбе
  • 3 дана жұмыртқа
  • 8 ас қасық ұн
  • 3 ас қасық қант
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • Тұз, ванильді қант.

Дайындалу тәсілі:

  1. Осы қоспалардың барлығын қосып, араластыр, жұмсақ қамыр илеу керек. Сонда томпақ күлшелердің қамыры да дайын болады.
  2. Табаға көбірек май құйып, қыздырасыз. Содан соң қамырдан грек жаңғағының көлеміндей етіп үзіп алып, күлшелер жасап шығасыз да, майға қуырып ала бересіз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сіз үшін НАУРЫЗ КӨЖЕ пісіріп береді


Үйде дайындалатын МАЙОНЕЗДІҢ 5 түрлі рецепті