​Ұл балаға арналған «АВТОКӨЛІК» торты

0
5 148

Ұл баланың туған күніне немесе мерекесіне арнап дәл осы тортты жасасаңыз болады.


​Ұл балаға арналған «АВТОКӨЛІК» торты

Балалар әрбір үйдің базары ғой. Олар қуанса ата-ана да еріксіз шаттанып, мәз болып қалады. Балалар кішкентай сыйлықтың өзін кереметтей қабылдап, барынша қуанатыны сөзсіз. Ал, мынадай "Машина" тортын пісіретін болсаңыз, оның әсем күлкісі мен мәз болған сәтін көретін боласыз. Ендеше балаңызды қуанта біліңіз!


Қажетті қоспалар:

  • 8 дана жұмыртқа
  • 460 гр. қант
  • 460 гр. ұн
  • 320 гр. сүт
  • 160 гр. сары май
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • Дәміне қарай ванилин қосылады.

Креміне:

  • 800 гр. майлы кілегей
  • 7-8 ас қасық қант ұнтағы
  • Қосымша әсемдеуге:
  • 30 гр. шоколад
  • 30 гр. кілегей
  • 1 гр. тағамдық бояғыш зат.


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен ұнды електен өткізіп, ас содасымен, ванилинмен араластырамыз.
  2. Бөлек ыдысқа сүтті құйып, сары майды салып, отқа қоясыз. Сары май ерігенше қайнатасыз.
  3. Миксермен араластыру үшін қант пен жұмыртқаны саламыз. Осылайша жұмыртқаны жақсылап көпіршіту керек.
  4. Көпіршіген жұмыртқа мен қантқа ұнды аз-аздан салып миксерлейміз. Сосын ыстық қайнаған сүтті де құясыз. Сөйтіп 5-7 минут бойы венчикпен араластырған дұрыс.
  5. Дайын қамырды үш бөліп пісіріп аласыз. 180 градусқа қыздырылған пеште, 20-25 минутта бисквит те дайын болады.
  6. Осы піскен қамырдың 1,5 бөлігі машинаның негізгі бөлігін жасауға кетсе, қалғаны, үстіңгі жағын жасауға жетеді. Суретке қарап отырып, машина жасайсыз.
  7. Ал, кремін дайындау үшін майлы кілегей мен қант ұнтағын араластырып, жақсылап миксерлейсіз.
  8. Бисквиттерді жай ғана сумен немесе қант салынған сумен ылғалдандыру керек. Содан кейін барлық жеріне крем жағып шығасыз. Осындай қалыппен, яғни кремді жаға отырып машинаны құрастыру керек.
  9. Шоколадты ерітіп, суыған соң тоңазытқышқа саласыз. Сонда шоколадпен машинаның көзін, терезелерін, жымиғанын салуға болады.
  10. Енді бояғыш заттың сары түсін таңдап алып, машинаның барлық жеріне жағып шығыңыз.
  11. Машинаның дөңгелектеріне көк немесе қоңыр түсті бояғыш жаққан да артық етпейді. Мұндай машинаны тек сары түсті емес, қызғылт немесе қызыл түсті бояумен бояп, балаларға ұнайтын кейіпке келтірсеңіз де өз еркіңізде. Дайын «машина» тортын бірнеше сағат тоңазытқышқа салып, содан кейін ғана дастарханға ұсына берсеңіз болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"БҮГІН ҚАНДАЙ АС ӘЗІРЛЕЙМІН?" - Тауық етінен дайындалатын мәзір


ЖАЗДЫҚ МӘЗІР: ыстық күнде жасалатын пирогтар