ЖАЗДЫҚ МӘЗІР: ыстық күнде жасалатын пирогтар

0
2 788

Өте дәмді әрі әдемі пирогты түрлі жеміс-жидектерден жасайсыз.


ЖАЗДЫҚ МӘЗІР: ыстық күнде жасалатын пирогтар

Қыз-келіншектер қазіргі уақытта торт, пирог сынды тәттілерді пісірудің шебері болып алды ғой. Құлпынайдан жасалатын бұл пирогты да мәзіріңізге қосып қойыңыз. Себебі жасалуы қиын емес, керісінше бұл тәттіге "ғашық" боп қаласыз!


Қажетті өнімдер:

  • 250 гр. ұн
  • 120 гр. сары май
  • 2 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 2 ас қасық қант
  • 2 ас қасық су
  • 1 гр. тұз
  • Салмасына:
  • 400 гр. сүзбе
  • 100 гр. құлпынай
  • 70 гр. қант
  • 50 гр. сары май
  • 15 гр. жүгері крахмалы
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 дана лимонның қабығы
  • 1 ас қасық ванильді қант
  • Құймасына:
  • 150 гр. құлпынай
  • 75 гр. қант
  • 15 гр. жүгері крахмалы
  • Әсемдеу үшін 10 гр. құлпынай.

Дайындалу тәсілі:

  1. Блендер ыдысына туралған құлпынай, салқын сары май, қант пен тұзды саламыз. Барлығы жақсылап майдаланғанша араластыру керек. Осы араласпаға салқын су мен жұмыртқаның сары уызын қосамыз.
  2. Барлығын жақсылап араластырып, сосын қолмен қамырды илеңіз де, пленкаға салып қойыңыз. Қамырды тоңазытқышқа салып қою керек.
  3. Осы уақыт өткеннен кейін қамырды жайып, ұн себілген формаға саламыз.
  4. Осылайша дайындалған қамырды пешке салып пісіреміз. 20 минутта қамыр дайын болады.
  5. Салманы дайындау үшін сары майды ерітіп, суытып аламыз.
  6. Құлпынайды жуып, кепкен соң , орташа көлемде тураймыз.
  7. Жұмыртқаның сары уызы мен ақ уызын бөліп алып, ақ уызын тоңазытқышқа саламыз.
  8. Блендерпдің ыдысына сүзбені, сары майды, жұмыртқаның сары уызын, ванильді қант пен лимон қабығын салу керек. Барлығы біркелкі массаға айналғанша блендерді айналдыра береміз.
  9. Енді жұмыртқаның ақ уызын миксермен көпіршітіп алу керек. Осы араласпаға құлпынайды салып, азырақ миксерлейміз.
  10. Піскен қамырға сүзбе қосылған араласпаны құямыз. Содан соң осы пирогты пешке салып пісіреміз.
  11. Енді блендерге құлпынай мен қантты салып, жақсылап араластырамыз. Құлпынай араласпасынан жартысын құйып алып, қалғанына жүгері крахмалын қосып, араластырамыз. Қалған құлпынай езбесін отқа қойып, орташа отта қайнатамыз. Қайнаған соң жүгері крахмалы қосылған араласпаны отта тұрған қайнатпаға салып, араластыру керек.
  12. Осы қайнатпаны пирогтың бетіне құйып, суыған соң тоңазытқышқа саламыз. Пирог 7-8 сағатта дайын болады. Ал, тортты дастарханға ұсынарда пирогтың бетін балғын құлпынаймен әсемдейміз.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


КӨК ПИЯЗ қосылған ерекше БАУЫРСАҚ

Жемістен дайындалған ШӨЛБАСАР лимонадтар мәзірі