​Ыстық салат

0
7 719

Қажетті заттар: * 200 гр макарон * 1 дана қызыл тәтті болгар бұрышы * 200 гр саумалдық * 200 гр саңырауқұлақ * 100 гр қызыл үрмебұршақ * 1 бума көк пияз * 2 ас қасық зәйтүн майы


​Ыстық салат

Қажетті заттар:

* 200 гр макарон

* 1 дана қызыл тәтті болгар бұрышы

* 200 гр саумалдық

* 200 гр саңырауқұлақ

* 100 гр қызыл үрмебұршақ

* 1 бума көк пияз

* 2 ас қасық зәйтүн майы

Тұздық:

* 1 түйір сарымсақ

* 1 ас қасық алма сіркесуы

* 3-4 ас қасық лимон шырыны

* Зира

* Жаңғақ

Дайындау тәсілі

1. Алдымен макаронды суға салып қайнатып пісіреміз.

2. Көк пияды, саңырауқұлақты және болгар бұрышын, саумалдықты тураймыз.

3. Зәйтүн майына пиязды, болгар бұрышын салып, қуырайық.

4. Содан соң саумалдықты салып, тағы 1 минуттай қуырамыз.

5. Бөлек табаға саңырауқұлақты қуырып аламыз.

6. Үрмебұршақты алдын ала пісіріп алған жөн.

7. Барлық қоспаларды макаронмен араластырамыз.

8. Тұздықтың да барлық қажетті өнімдерін араластырып, салаттың бетіне құямыз.