​Жасанды тауық аяқтары

0
2 291

Өте дәмдi әрi дастарханның көркін ашатын тағамдардың бiрi – жасанды тауық аяқтары. Ол ет жентегiнен әзiрленедi. Кешкi аста жасанды тауық аяқтарын әзiрлесеңiз, отағасы мен ата-енеңiз сiздiң шеберлiгiңiзге тәнтi болатыны анық-ақ.


​Жасанды тауық аяқтары

Өте дәмдi әрi дастарханның көркін ашатын тағамдардың бiрi – жасанды тауық аяқтары. Ол ет жентегiнен әзiрленедi. Кешкi аста жасанды тауық аяқтарын әзiрлесеңiз, отағасы мен ата-енеңiз сiздiң шеберлiгiңiзге тәнтi болатыны анық-ақ.

Қажеттi заттар:

Қамыр үшiн:

*** Ұн – 250 г

*** Айран – 0,75-1 стақан

*** Ас содасы – 1/2 шай қасық

*** Тұз – қалауыңызға қарай

Ет жентегi үшiн:

*** Тауық етi 500 г

*** Пияз – 1 дана

*** Тұз бен бұрыш – қалауыңызға қарай

Қосымша:

*** Өсiмдiк майы қалауыңызға қарай

*** Ұзынша печенье – 10-15 дана

Дайындау тәсілі:

  • Айранды эмальды ыдысқа құйып, отта бiршама уақыт ұстап сәл жылытыңыз.
  • Сосын оған ас содасын қосып, көпiргенше араластырыңыз.
  • Одан соң отты сөндiрiп, тұз бен ұн қосып қамыр илеңiз.
  • 1 мм қалыңдықта қамырды оқтаумен жайыңыз.
  • Жайылған қамырды енi 3 см болатындай етiп ұзыншалап, суретте көрсетiлгендей бiрнеше бөлiктерге кесiңiз.
  • Тауық етiн сүйегi мен терiсiнен бөлiп алып, еттартқыштан өткiзiңiз.
  • Жентек жылдам пiсуi үшiн әрi дәмдi болсын десеңiз, тауықтың тек кеуде етiн пайдалану керек. Немесе дайын жентек сатып алыңыз.
  • Пиязды жiңiшке әрi ұсақ етiп турап қосыңыз.
  • Оған татымына қарай тұз бен қара бұрыш, дәмдеуiштер қосыңыз.
  • Ұзынша печеньенi кез келген азық-түлiк дүкенiнен таба аласыз. Оның қант қосылғаны да, тұз қосылғаны да кездеседi. Мейлiнше, тұзды ұзынша печеньенi таңдаған дұрыс.
  • Оны бiр-бiрлеп алып, тауық саны көлемiндей етiп ет жентегiн «жабыстырыңыз».
  • Алдымен, ет жентегiнен 2 ас қасық алып, қолыңызбен шар тәрiздi пiшiнге келтiрiңiз.
  • Оның ортасына ұзынша печеньенi тығып, қолыңызбен тауық санына ұқсатып көркемдеңiз.
  • Сосын кесiлген ұзын қамыр кеспесiн сыртынан ораңыз.
  • Бiрнеше тауық аяқтарын жасаған соң, табаға өсiмдiк майын құйып қыздырыңыз.
  • Жасанды тауық аяғын табаға салғанда жартылай майға батып тұрғаны жөн.
  • Екi жағын жақсылап қуырған соң, тауық аяқтарын дуршлагқа салып қойыңыз. Майы сорғыған соң, дуршлагтан алып, жалпақ тарелкаларға салуға болады.
  • Тауықтың жасанды аяқтарының жанына гарнир ретiнде картоп езбесiн немесе суға қайнатылған күрiштi, макаронды салып беруге болады.

Ас болсын!